Қор туралы

«Қазақстан орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) 2017 жылғы 11 қыркүйекте әділет органдарында тіркелді.
Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.


Қор қызметінің негізгі мақсаты:

  • екінші деңгейлі банктерді қаржылық қолдау арқылы банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесу;
  • ипотекалық тұрғын үй қарыздарының, жалға берілетін баспананың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысу;
  • ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру жөніндегі механизмдерді іске асыруға қатысу;
  • басым бағыттағы жобалаларды несиелеу механизмдерін іске асыруға қатысу;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемелерін азайту бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысу.

Міндеттер

  • Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын арттыруға жәрдемдесу;
  • жеке және мемлекеттік капиталды тарту арқылы екінші деңгейдегі банктерді қолдау жүйесін дамыту;
  • банк секторын қолдау (оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар), ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының, жалға берілетін баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету бағдарламаларын және Ұлттық Банк пен/немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен мақұлданған/бекітілген басқа да бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және қаржыландыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) акционердің шешімдеріне сәйкес басқа да міндеттер.

ҚОРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Бағдарламаларды әзірлеуге, іске асыруға және қаржыландыруға қатысу

(оның ішінде мемлекеттік) қолдау және ипотекалық тұрғын үй заемдарын (ипотекалық заемдарды) қайта қаржыландыру.

Инвесторларды іздеу және екінші деңгейдегі банктердің акцияларын сату

субординацияланған облигацияларды (реттелген борыш) айырбастау жолымен алынған, (реттелген борыш), жаңа инвесторға (инвесторларға)

Екінші деңгейлі банктерге банк қарыздарын қайтадан өткізу

Екінші деңгейдегі банктерді қаржылық қолдау  

оның ішінде субординацияланған заемдар (реттелген облигацияларды сатып алу) арқылы, осы мақсатта екінші деңгейдегі банктермен және олардың акционерлерімен келісім жасасады

Бос қаражатты бағалы қағаздарға орналастыру

сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық банкте банктік шот және банк салымы шартының талаптарымен, оның ішінде Ұлттық банк бекіткен талаптармен

ЖАҢАЛЫҚТАР

БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ҚАТЫСУ

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы

(Бағдарлама операторы)

Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы

(Бағдарлама операторы)

«7-20-25. Әрбір отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы 

(Бағдарлама операторы)

Экономиканың басым салаларына кредит беру үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету бағдарламасы

(Бағдарламаға қатысушы)

Байланыстар

"Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ
Кеңсе\қабылдау бөлмесі +7 (727) 277-20-25 (вн.7300)
info@kfu.kz
A25D6H8, Достық даңғылы 136, Алматы қ., Қазақстан Республикасы