«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының

Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы

 

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) Қор Акционерінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 4 Шешімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қордың Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізгені туралы хабарлайды:

  1. Қордың Директорлар кеңесінің мынадай мүшелерінің өкілеттіктері мерзімнен бұрын 2020 жылғы 4 ақпаннан бастап тоқтатылды, атап айтқанда:

Даурен Абубакирович Мусиралиевтің;

Кульбану Серикхажиевна Мусаеваның.

  1. Қор Басқармасының мынадай мүшелерінің өкілеттіктері мерзімнен бұрын 2020 жылғы 4 ақпаннан бастап тоқтатылды:

Даурен Абубакирович Мусиралиевтің;

Гульнара Уалиевна Кирееваның;

Алмаз Кулмесханович Кудайбергеновтің.

  1. 2020 жылғы 5 ақпанда мынадай адамдар Қор Басқармасының мүшесі болып сайланды:

Ерболат Серікұлы Оспанов – Басқарманың Төрағасы;

Асқар Бауыржанұлы Әбішев – Басқарма Төрағасының орынбасары;

Арман Қайырбекұлы Усабаев – бас бухгалтер.

Өзгерістер «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының қайта ұйымдастырылуымен байланысты болды.