«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы ақпараттық хабарлама

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) Қордың Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

Қордың Жалғыз акционерінің 2020 жылғы 7 ақпандағы № 5 шешіміне сәйкес Қордың Директорлар кеңесінің құрамына мына адамдар сайланды:

  1. Оспанов Ерболат Серікұлы – Қордың Басқарма Төрағасы;
  2. Джованни Капаннелли - Тәуелсіз директор ретінде.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қор Директорлар кеңесінің құрамына мынадай адамдар кіреді:

  1. Біртанов Есжан Амантайұлы – Қор Директорлар кеңесінің Төрағасы;
  2. Оспанов Ерболат Серікұлы – Қор Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы;
  3. Джованни Капаннелли – Қор Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор).

Өзгерістер «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының қайта ұйымдастырылуына байланысты болды.