«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы ақпараттық хабарлама

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Басқармасы құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

Қоғамның Жалғыз акционерінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 11 шешіміне сәйкес:

  1. 2020 жылғы 5 наурыздан бастап Қоғам Басқармасының мүшесі Арман Каирбекович Усабаевтың өкілеттіктері мерзімнен бұрын тоқтатылды.
  2. 2020 жылғы 6 наурыздан бастап Қоғам Басқармасының мүшесі болып Басқарма Төрағасының орынбасары Рустем Елтаевич Кыдыков сайланды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қоғам Басқармасының құрамына мынадай адамдар кіреді:

  1. Ерболат Серикович Оспанов – Басқарманың Төрағасы;
  2. Аскар Бауржанович Абишев – Басқарма Төрағасының орынбасары;
  3. Рустем Елтаевич Кыдыков – Басқарма Төрағасының орынбасары;
  4. Александр Касымович Бейсембиев – Басқарушы директор;
  5. Анар Нуржановна Суанкулова – Қаржы директоры.