Есжан Амантайұлы Біртанов

Туған күні:                  1975 жылғы 1 шілде

Азаматтығы:              Қазақстан Республикасы

Білімі:                         1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Экономист-менеджер», «Экономика Магистрі» мамандығы бойынша бітірді.

2015 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ Executive Management бағдарламасы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:   

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (2019 жылғы сәуірден бастап);

- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры (2018 жылғы қаңтар – 2019 жылғы наурыз);

- «Ұлттық Банктің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Басқармасының Төрағасы (2016 – 2017);

- «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқармасының Төрағасы (2015 жылғы шілде – 2016 жылғы қаңтар);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жоспарлау және бюджет департаментінің Директоры (2014 жылғы сәуір – 2015 жылғы маусым);

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының Кеңесшісі міндетін атқарушы (2014 жылғы сәуір – 2014 жылғы маусым);

- «Ұлттық Банктің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Басқармасының Төрағасы (2012 жылғы қыркүйек – 2014 жылғы сәуір);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті Директорының орынбасары (2005 жылғы қазан – 2012 жылғы қыркүйек);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті Дилингтік операциялар басқармасының бастығы (2003 – 2005);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Дилингтік операциялар және қаржы нарықтарын талдау басқармасының сыртқы нарықтың дилингтік операциялары бөлімінің Жетекші дилері (1998 – 2003).

Басқа да қызметтері:

- «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінің Төрағасы (2020 жылғы 28 қаңтардан бастап);

- «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы (2020 жылғы 28 тамыздан бастап);

- «Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік Сервистік Бюросы» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы (2020 жылғы 13 наруыздан бастап);

- «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы (2019 жылғы мамыр - 2020 жылғы ақпан);

 - «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2018 жылғы 31 қаңтар - 2019 жылғы сәуір);

 - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Директорлар кеңесінің мүшесі (2018 жылғы ақпан - 2019 жылғы сәуір).  

Директорлар кеңесінің мүшесі мәртебесі:   

2020 жылғы 28 қаңтарда Е.А. Биртанов «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Жалғыз акционердің өкілі ретінде сайланды (2020 жылғы 19 қыркүйекте қайта сайланды).

2020 жылғы 31 қаңтарда Е.А.Биртанов «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды (2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап қайта сайланды).

Директорлар кеңесі мүшесінің функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің комитеттеріндегі мүшелігі:   

2020 жылғы 24 ақпанда Е.А. Биртанов «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, кадрлар мен сыйақылар беру мәселелерін, әлеуметтік мәселелерді қарау жөніндегі комитеттің мүшесі болып сайланды (2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап қайта сайланды).

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықақылар, құрметті атақтары:

 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Құрметті қызметкері;

 - Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы;

 - Мерекелік медальдары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл»;

 - Медаль «Ерен еңбегі үшін».