Джованни Капаннелли

Туған күні:                  1962 жылғы 31 қаңтар

Азаматтығы:              Италия

Білімі:                         Экономика ғылымдарының докторы (Doctor of Philosophy (Ph.D.) in Economics), Экономика мектебі, Хитоцубаси Университеті, Токио, Жапония (1997).

Экономика ғылымдарының магистрі, Экономика мектебі, Хитоцубаси Университеті, Токио, Жапония (1994).

Экономика ғылымдарының Бакалавры, Боккони Университеті, Милан, Италия (1990).

Жұмыс тәжірибесі:   

- «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2020 жылғы ақпаннан бастап);

- Қазақстандағы Азия Даму Банкінің тұрақты өкілдігінің директоры (2016 жылғы қыркүйек – 2020 жылғы кыркүйек);

- Азия Даму Банкінің Орталық және Батыс Азия Департаментінің Білімді басқару жөніндегі координаторы (2014 – 2016);

-Токиодағы Азия Даму Банкінің Институты деканының Кеңесшісі (2010 – 2014);

 

- Азия Даму Банкінің Бас экономисі (2009 – 2010);

 

- Азия Даму Банкінің Өңірлік экономикалық ықпалдастыру басқармасының Аға экономисі (2004 – 2009);

- Азия Даму Банкінің Тынық Мұхиті департаментінің Экономисі (2002 – 2004);

- Экономика профессоры, Азия-Еуропа Институты, Малайя университеті, Куала-Лумпур, Малайзия (1999 жылғы қаңтар –2002 жылғы шілде);

- Экономист, Италия Банкі, Жапониядағы Гонконгтегі, Сингапурдағы өкілдік - Токио, Жапония (1996 жылғы қыркүйек – 1998 жылғы желтоқсан).

Басқа да қызметтері:

- Лектор, Азия экономикалық дамуы, Хитоцубаси университеті, Токио, Токиодағы Саясат ғылымдарының Ғылыми-зерттеу институты (Мемлекеттік политологиялық аспирантура), Токио университеті, Жапония (2010 жылғы қазан – 2014 жылғы қыркүйек);

 - Лектор, Өңірлік ықпалдастыру саяси экономиясы, Университет Атенео де Манила Университеті, Манила, Филиппиндер (2003 жылғы қараша–2010 жылғы наурыз);

- Лектор, Азияны экономикалық дамыту және экономикалық ықпалдастыру: сауда және инвестициялар, Хосэй Университеті, Токио, Жапония; Обилина (Оберлин) Университеті, Токио, Жапония (1996 жылғы сәуір – 1998 жылғы наурыз).

Директорлар кеңесінің мүшесі мәртебесі: 

2020 жылғы 7 ақпанда Д. Капаннелли «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде сайланды (2020 жылғы 19 қыркүйекте қайта сайланды).

Директорлар кеңесі мүшесінің функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің комитеттеріндегі мүшелігі:   

2020 жылғы 24 ақпанда Д.Капаннелли «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, кадрлар мен сыйақылар беру мәселелерін, әлеуметтік мәселелерді қарау жөніндегі комитеттің төрағасы болып сайланды (2020 жылғы 21 қыркүйекте қайта сайланды).