«Қазақстанның орнықтылық қоры» тұңғыш рет биржаға 10 жылдық облигацияларын орналастырды

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ («ВВВ»/болжамы «Тұрақты», Fitch – бұдан әрі ҚОҚ) Қазақстан қор биржасында ұзақ мерзімді 10 жылдық облигацияларын орналастырып, қаржы тартты.

Тартылған қаржы көлемі 10 миллиард теңгені құрады. Биржадағы сауда-саттық нәтижелері бойынша облигациялар толығымен сатылды. Бұл инвесторлардың ҚОҚ құнды қағаздарын ұзақ мерзімді инвестициялаудың сенімді қаржылық құралы ретінде көріп отырғанын байқатады.

Он жылдық облигациялар шығару арқылы ҚОҚ ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін «ұзақ мерзімді» қаржыландыру тарта алады. Онымен бірге, бағалы қағаздар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді тиімді және біркелкі бөлу мүмкіндігі туады.