Қазақстанның орнықтылық қоры екі жылдық облигациялар бойынша купондық сыйақыны уақытылы төледі

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі - ҚОҚ) KZ2C00006948 екі жылдық облигациялары бойынша купондық сыйақыны уақытында төлегені туралы хабарлайды. Сыйақының мөлшері 4 250 000 000 теңгені құрады.

Аталған облигациялар 2020 жылы 4-ші қыркүйекте 8,5% жылдық кірістілігімен 50 млрд теңге сомасына шығарылған болатын. ҚОҚ бағалы қағаздарын екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру компаниялары, активтерді басқару қорлары мен брокерлік ұйымдар сатып алды.

Осылайша, ҚОҚ ағымдағы жылы сыйақының үшінші төлемін жүзеге асырды. Осыдан бұрын ақпан және сәуір айларында 8,5 млрд теңге және 4,2 млрд теңге сыйақы төленген еді. Ал осы қыркүйектің соңында 70 млрд теңге сомасында облигациялар өтелуі тиіс. .

Қазіргі кезде ҚОҚ-тың биржалық қоржыны бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады. Олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы әрі «7-20-25» бағдарламасының операторы болып табылады.