Валюталық қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2019 жылдың 15 шілдесінде аяқталады

Ипотекалық қарыз алушыларды мемлекеттік қолдау шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк 2015 жылдан бастап ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі - бағдарлама) іске асыруда.
Ұлттық Банк 2015 жылы бөлген 130 млрд.теңге банктер 2004-2009 жылдар кезеңінде берген және жалғыз тұрғын үймен қамтамасыз етілген қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған.
2019 жылғы 1 наурызға банктер Бағдарлама аясында 162,5 млрд.теңге сомасына 26,2 мың қарыз мақұлдады, оның ішінде 142,8 млрд. теңге сомасына 24,5 мың қарыз қайта қаржыландырылды.
Бөлінген қаражаттың толық игерілуіне байланысты қарыздарды қайта қаржыландыру қазіргі уақытта бұрын қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуден түсетін ақша есебінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ақшаны игерудің револьверлік тетігін ескере отырып, 2026 жылға дейін қайта қаржыландырылған қарыздардың саны шамамен 40 мыңды құрайтынын атап өтеміз.
2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Банкке 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген халықтың валюталық ипотекалық қарыздары бойынша мәселені түпкілікті шешуді тапсырды.
Осы тапсырманы орындау үшін Ұлттық Банк Басқармасы 2018 жылғы 27 наурызда жаңа редакцияда бекітілген бағдарлама 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейді.
Қарыздар Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруға жататынын еске саламыз (1 АҚШ доллары үшін 188,35 теңге). Бағамдық айырма сомасы (шамамен 156 млрд.теңге) Ұлттық банктің қаражаты есебінен өтеледі.
Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік шеңберінде банктер 136 млрд. теңгеден астам сомаға сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша қарыз алушылардың берешектерін кешіретінін хабарлаймыз. 2019 жылдың 1 наурызына банктер 56,4 млрд. теңге сомасына валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға 6,7 мың өтінімді мақұлдады,оның ішінде 42,2 млрд. теңге сомасына 5,3 мың қарыз қайта қаржыландырылды. Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеде аяқталғанына назар аударамыз. Осы мерзім өткеннен кейін банктер қарыз алушыларға берешекті өндіріп алуға бағытталған заңдарда көзделген шараларды қолдануға құқылы. Валюталық ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін қарыз алушылар 2019 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей кредитор - банкке өтініш беруі қажет.
Бағдарламаның жүйелі талдауы көрсеткендей, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушылар (ХӘЖОТ), сондай-ақ қарыз бойынша міндеттемелерді орындау есебінен жалғыз мүлкі банктердің балансына ауысқан қарыз алушылар қосымша мемлекеттік қолдауға мұқтаж.
ХӘЖОТ санатынан қарыз алушылардың көпшілігі үшін табыстың жалғыз көзі әлеуметтік төлемдер мен бюджеттен берілетін жәрдемақылар, оның ішінде қарыздарға қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейтін атаулы әлеуметтік көмек болып табылады.
ХӘЖОТ қарыз алушыларына қосымша қолдау көрсету және банктердің балансында тұрған тұрғын үйді қарыз алушылардың меншігіне қайтару шарттарын әзірлеу үшін Ұлттық банкте жұмыс тобы құрылды. Оған мүдделі мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың өкілдері, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің басшылары енгізілген.
Сұрақтар туындаған жағдайда, қарыз алушыларға олардың аумақтық тиесілігіне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің және банктердің тиісті филиалдарына хабарласуды ұсынамыз. Филиалдардың байланыстары «Байланыс» бөлімінде Ұлттық Банктің http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=russian сайтында орналастырылған.
Бағдарламаның шарттарымен Ұлттық Банктің сайтында "Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау" бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады:
http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=russian
Бағдарлама туралы сұрақтарыңыз болса, Қазақстан Ұлттық Банкіне хабарласыңыз:
• ресми өтініш мына мекен-жай бойынша: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21 үй; e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.;
• қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 (телефон арқылы): +7(727) 2788 - 104 ( ішкі нөмірлері: 5573, 5571), Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары үшін олардың аумақтық тиесілігіне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің тиісті филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне хабарласуды ұсынамыз.;
• "НБК Online"мобильді қосымшасы.
Сілтемені Google Play Market -нан жүктеп алыңыз: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals;
Сілтемені AppStore-нан жүктеп алыңыз:https://itunes.apple.com/kz/app/nbk-online/id1134502211?ls=1&mt=8.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері +7 (727) 704 585 телефоны арқылы ала алады.
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
www.nationalbank.kz