Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен
кредиттеу бағдарламасы

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 және «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы  № 286 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ШОК субъектілері) қолдау шараларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  Басқармасы Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ШОК субъектілерін қолдау үшін екінші деңгейдегі банктерді қаржыландыруының бастапқы көлемі екінші деңгейдегі банктер бойынша Бағдарламаға қосымшада көрсетілген лимиттерге сәйкес 600 млрд теңгеге дейін құрады.

2020 жылғы 27 қазанда Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы» 2020 жылғы 19 наурыздағы № 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру үшін Бағдарлама бойынша жалпы қаржыландыру көлемін 800 млрд теңгеге дейін жеткізе отырып, қосымша 200 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаға пандемиядан ең қатты зиян шеккен ірі кәсіпкерлік субъектілерін кіргізумен Бағдарламаның атауы «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бағдарламасы» дегеннен «Кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бағдарламасы» деген атауға өзгертілді. Сондай-ақ, Бағдарламаны іске асыру мерзімі 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚОҚ) Бағдарламаның Операторы болып табылады.

ҚОҚ екінші деңгейдегі банкте орналастырған салымның нысаналы мақсаты – төтенше жағдайды енгізуге байланысты зиян шеккен кәсіпкерлік нысандарына айналым қаражатын толықтыруға 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімге кредит беру және кредиттік желілер шеңберінде қаржыландыру.

Қатысуға Бағдарламаға қосымшада көрсетілген лимиттерге сәйкес банк секторының активтері сапасының тәуелсіз бағалауынан (AQR) өткен екінші деңгейдегі банктер мен агроөндірістік кешенді жеңілдетілген шарттармен кредиттеу үшін «Аграрлы кредиттік корпорация» АҚ-ға рұқсат беріледі.

Ақша кәсіпкелік субъектілеріне жылдық 8% мөлшерлемемен жаңа кредиттер беруге жұмсалуға тиіс. Бір қарыз алушыға лимит: заңды тұлғалар – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 3 млрд теңгеден аспайды, дара кәсіпкерлер үшін – 50 млн теңгеден аспайды.

Айналым қаражатын толықтыруға кредит қарыз алушының банк шотына аударылады және қарыз алушы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, салықтарды және бюджетке басқа да төлемдерді, жалақы төлеу бойынша төлемдерді қолма қол ақшамен жасалмайтын тәсілмен жүзеге асырады.

pdf    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы

Байланыстар

"Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ
Кеңсе\қабылдау бөлмесі +7 (727) 277-20-25 (вн.7300)
info@kfu.kz
A25D6H8, Достық даңғылы 136, Алматы қ., Қазақстан Республикасы