«7-20-25. Әрбір отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының  2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен «7-20-25. Әрбір отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы (бұдан әрі – «7-20-25» Бағдарламасы) бекітілді.

«7-20-25» Бағдарламасы – Қазақстан Республикасының аумағында іске қосылған, қарыз бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесі төмен – 7%, бастапқы жарна тұрғын үйдің құнынан 20% мөлшерінде айқындалған, қарызды өтеу мерзімі 25 жылға дейін ұлғайтылған ипотекалық бағдарлама. Нұр-Сұлтан, Алматы (қала маңындағы аумақтарды  қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін - 25 млн. теңгеге дейін, Қарғанды қаласы үшін - 20 млн. теңгеге дейін, басқа өңірлер үшін - 15 млн. теңгеге дейін ең жоғары құнымен пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үйді сатып алуға кредит беріледі. Қарыз алушыдан қарыз берілгені және қызмет көрсетілгені үшін комиссиялық ақы алынбайды.

Сондай-ақ, сақтандыру қажет болған кезде кепіл мүлікті және қарыз алушының өмірін сақтандыру міндетті болып табылмайды, барлық шығыстарды қарыз беретін банк өзі көтеруге тиіс.

 «7-20-25» Бағдарламасы бойынша ипотеканы меншікті тұрғын үйі жоқ, басқа ипотекалық кредиттері жоқ, еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен ресми расталған табысы бар еліміздің әрбір азаматы ала алады.

«7-20-25» Бағдарламасы бойынша ипотекалық қарызды 8 екінші деңгейдегі банк береді: Банк ЦентрКредит, АТФБанк, Jýsan bank, Bank RBK, Еуразиялық Банк, Халық Банк, ForteBank, Сбербанк.

«7-20-25» Бағдарламасының талаптары туралы толық ақпарат  www.baspana72025.kz сайтында орналасқан.

pdf   «7-20-25» Бағдарламасы

Байланыстар

"Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ
Кеңсе\қабылдау бөлмесі +7 (727) 277-20-25 (вн.7300)
info@kfu.kz
A25D6H8, Достық даңғылы 136, Алматы қ., Қазақстан Республикасы