Бос жұмыс орындары

 

Тәуекелдер және талдау басқармасының Тәуекелдер бөлімінің менеджері лауазымына бос орын

 

Лауазымы

Менеджер

Құрылымдық бөлімше

Тәуекелдер және талдау басқармасының Тәуекелдер бөлімі  

Біліктілік талаптар

Білімі: жоғары қаржылық/экономикалық/техникалық

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл

Арнайы білімі мен дағдылары: Microsoft Office Excel тәжірибелі пайдаланушы, математикалық модельдеу негіздерін білу, Қазақстан Республикасының банк заңнамасын білу

Функционалдық міндеттері

1)        Операциялық, АТ және АҚ тәуекелдерін сәйкестендіру, мониторингі, өлшеу және есептеу, операциялық, АТ және АҚ тәуекелдерін барынша азайту бойынша іс-шаралар өткізу, тәуекелдерді бақылау, сондай-ақ кейіннен олардың алдын алу;

2)        Тәуекелдер иесімен бірлесе отырып, операциялық, АТ және АҚ тәуекелдерін барынша азайту бойынша шоғырландырылған іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу және оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;

3)        тәуекел-үйлестірушілердің операциялық, АТ және АҚ  оқиғалар мен шығындар туралы ақпарат беру бөлігінде жұмысын үйлестіру

4)        операциялық, АТ және АҚ тәуекелдер шығындарының және оқиғаларының дерекқорын жүргізу, операциялық, АТ және АҚ тәуекелдер картасын жасау, операциялық тәуекелдің негізгі индикаторларын талдау;

5)        тәуекелдер иелерінің операциялық, АТ және АҚ тәуекелдерін барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспарларының әзірлеуінің және орындалуының мониторингін жүзеге асыру;

6)        Қоғамның тәуекелдерін басқару және Қоғам қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҚҮҚ) бөлігінде әдіснамалық базаны әзірлеу, ҚҮҚ жоспарын және төтенше жағдай кезінде апаттық қалпына келтіру жоспарын (бұдан әрі  -АҚЖ) әзірлеу және маңызды ету; оқиғалардың іске асырылуына дайын болуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды, Қоғам қызметкерлерінің ҚҮҚ және АҚЖ жоспарларын білуін тексеру. Қызметкерлерге ҚҰҚ бойынша оқытуды жүйелі түрде өткізу;

9)        ТБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның  ішкі құжаттарының және бизнес-процестерінің жобаларын келісу;

10)    ТБ құзыреті шегінде қорытындыларды, есептерді, анықтамаларды, хаттарды және басқа құжаттарды дайындау.

11)    ТБ құзыретін шегінде оперативтік және өзге де есептілікті дайындау/қалыптастыру және Қоғамның уәкілетті адамы/органы келіскен/бекіткен түрде ұсыну

12)    ТБ қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, талдау және басқару бойынша іс- шараларды жүзеге асыру;

Байланыс жасайтын адам

Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасының Бас маманы Алуа Жаксылыковна Жунисова

Тел: 8 (727) 277-20-25 ішкі т.7371

E-mail: aqparat@kfu.kz

 

Ақпараттық технологиялар басқармасына 1C әзірлеуші лауазымына бос орын

 

Лауазымы

1C әзірлеуші

Құрылымдық бөлімше

Ақпараттық технологиялар басқармасы

Біліктілік талаптар

  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді әкімші деңгейінде білу;
  • 1С әкімшілендіру және конфигурациялауды білу және тәжірибелі болу;
  • 1С  өнімдеріне қызмет көрсету және пысықтау саласында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

·         Ұқыптылық, тәртіптілік

Функционалдық міндеттері

  • 1С платформаларында тапсырыс шешімдерін әзірлеу: Кәсіпорын 8;
  • Үлгілік және пысықталған конфигурацияларды жаңарту және ілеспе қызмет көрсету;
  • 1С жаңа есептерін, модульдерін және конфигурацияларын әзірлеу;
  • Қолда бар 1С конфигурацияларының модульдерін пысықтау

Байланыс жасайтын адам

Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасының Бас маманы Алуа Жаксылыковна Жунисова

Тел: 8 (727) 277-20-25 ішкі т.7371

E-mail: aqparat@kfu.kz

Байланыстар

"Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ
Кеңсе\қабылдау бөлмесі +7 (727)344-27-45
info@kfu.kz
A25D6H8, Достық даңғылы 136, Алматы қ., Қазақстан Республикасы