RU

Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы

Шолпанкулов Берик Шолпанкулович

Туған күні:             1976 жылғы 4 наурыз

Азаматтығы:          Қазақстан Республикасы

Білімі:                     1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және АХД» мамандығы бойынша бітірген; 2016 жылы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасын бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Б.Ш. Шолпанкулов еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментінің қолма-қол ақша басқармасының ағымдағы қолма-қол ақша қалдығын басқару бөлімінің сарапшысы қызметінен бастады.
  • 2001 жылғы қазаннан бастап 2004 жылғы шілдеге дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қолма-қол ақшаны басқару және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы лауазымын атқарды.
  • 2004 жылғы шілдеден бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетті төрағасының орынбасары.
  • 2008 жылғы желтоқсаннан бастап 2014 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі.
  • 2014 жылғы маусымнан бастап 2016 жылғы қазанға дейін – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
  • 2016 жылғы қарашадан бастап желтоқсанға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитетінің Төрағасы.
  • 2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2019 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі.
  • 2019 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі.
  • 2021 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Директорлар кеңесінің мүшесі мәртебесі:

2021 жылғы 12 сәуірде Б.Ш. Шолпанкулов «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Директорлар кеңесі мүшесінің функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Директорлар кеңесі комитеттеріндегі мүшелігі:

2021 жылғы 14 сәуірде Б.Ш. Шолпанкулов «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау, кадрлар және сыйақы беру, әлеуметтік мәселелерді қарау жөніндегі комитетінің мүшесі болып сайланды.