Шукпутов Андарь Маулешевич
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты (1981 жыл) – Инженер-системотехник мамандығы. 2014 жылы И.М. Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік Мұнай және газ универститетінде «Мұнайгаз бизнесін басқару» МВА мамандығын алды және 2019 жылы – Ұлыбританияның Директорлар Институтында (IoD UK) сертификатталған директор IOD Халықаралық Директорларды сертификаттау бағдарламасы.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
- 1981 жылдан бастап 1991 жылға дейін кіші ғылым қызметкерінен бастап Қазақ ССР Мемжоспар жанындағы Ғылыми-зерттеу институтында институттың ғылым хатшысына дейін;
- 1991 жылдан бастап 1994 жылға дейін Президент Аппаратының және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Жиынтық экономика бөлiмiнің консультанты, сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары;
- 1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін ҚР Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет Төрағасының орынбасары, содан кейін бірінші орынбасары;
- 1997 жылдан бастап 1998 жылға дейін «Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттігі» АҚ Басқармасының Төрағасы;
- 1998 жылдан бастап 1999 жылға дейін ҚР Энергетика, индустрия және сауда Вице-министрі;
- 1999 жылдан бастап 2000 жылға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Бөлім меңгерушісі, Басшысының орынбасары;
- 2000 жылдан бастап 2002 жылға дейін ҚР Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі;
- 2002 жылдан бастап 2007 жылға дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің Әзірбайжан Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі (Грузия Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі қоса атқару бойынша);
- 2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін «Батыс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы;
- 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін ҚР Қаржы Вице-министрі ;
- 2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Аппаратының басшысы (Басқарма мүшесі);
- 2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Бизнесті қолдау жөніндегі Басқарушы директор;
- 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Бас директоры – Басқарманың Төрағасы;
- 2019 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының Кеңесшісі.
Директорлар кеңесінің мүшесі мәртебесі:
2021 жылғы 30 шілдеде А.Шукпутов «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде сайланды. Директорлар кеңесі мүшесінің функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Директорлар кеңесінің комитеттеріндегі мүшелігі:
2021 жылғы 30 шілдеде А.Шукпутов «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, кадрлар мен сыйақылар беру мәселелерін, әлеуметтік мәселелерді қарау жөніндегі комитеттің төрағасы және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитеті мүшесі болып сайланды.