Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев

Директорлар кеңесінің төрағасы,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары.
Туған күні: 1974 жылғы 25 наурыз
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі:
2025 жылғы 14 наурыздан бастап «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына жалғыз акционердің өкілі ретінде сайланды.
2025 жылғы 14 наурызда «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесі төрағасының функцияларын жүзеге асырады.
«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, кадрлар мен сыйақы мәселелерiн, әлеуметтiк мәселелердi қарау жөнiндегi комитетiнің және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің құрамына кіреді.
Білімі:
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша (1995).
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Халықаралық бизнес мектебі «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша (МДА) (2009).
Жұмыс тәжірибесі:
1998 – 2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде түрлі лауазымдарды атқарды.
2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Үйлестіру департаментінің директоры болып қызмет етті.
2014 – 2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарушы директоры.
2015 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2015 – 2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
2018 – 2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2019 – 2020 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып қызмет етті.
2020 – 2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
2022 – 2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі.
2024 – 2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2025 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Басқа да лауазымдары:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медальдарымен, мерекелік медальдармен марапатталған.