Қор өз қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржылық тұрақтылықты және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырады.

2019 жылдың соңында «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ Қорға қосылғаннан кейін және қызметтің жаңа түрлері пайда болғаннан кейін 2020 жылы Қор 2020-2022 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасын әзірледі, онда Қордың алдағы жылдарға арналған мақсаттары мен міндеттері айқындалды.

Қордың миссиясы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің стратегиялық міндеттері шеңберінде халықтың материалдық әл-ауқатын арттыру және кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету.

Қордың пайымы – қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламаларын тиімді жүзеге асыратын және экономиканың дамуына қаржылық қолдау көрсететін даму институты.

Қорды дамыту тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттары:

1. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету:

  • Банк секторының қаржылық тұрақтылығы;
  • Акциялар және бағалы қағаздар нарығы;
  • Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

2. Нарық жағдайында экономиканың дамуын қаржылық қолдау шараларын жүзеге асыру:

  • Тұрғын үй қолжетімділігі және тұрғын үйді ипотекалық несиелеу;
  • Экономиканың басым жобаларын қаржылық қолдау;
  • Жұмыспен қамтудың жол картасы, ШОБ және кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жобаларды қаржыландыру.

3. Тиімді және тұрақты қор құру:

  • Қаржылық тұрақтылық;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі және қолданыстағы бағдарламалардың тиімділігін талдау;
  • Адами капитал;
  • Ақпараттық технологиялар;
  • Бедел және маркетинг саясаты.