«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы орнықты дамуды корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жүйесінің элементі ретінде қарастырады. Жылдық есепті дайындау аясында Қор KASE қор биржасында орналастырылған бағалы қағаздар эмитенті ретіндегі қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған қаржылық емес қызметтің жекелеген аспектілерін ашады.


2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН GRI ЖЕКЕЛЕГЕН КӨРСЕТКІШТЕРІН АШУ (GRI-REFERENCED)


ЭКОНОМИКА САЛАСЫ

7.2 GRI 206-1: Бәсекелестікке қарсы мінез-құлық

2025 жылы Қорға қатысты бәсекелестікке қарсы мінез-құлық жағдайлары, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы бұзуға байланысты сот талқылаулары мен санкциялар тіркелген жоқ.


ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫ

7.3 GRI 302-1: Энергия тұтыну

2025 жылы энергия тұтынуға арналған шығыстар Қоғамның барлық коммуналдық төлемдерінің 73%-ын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1%-ға жоғары. Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қордың электр энергиясы, сумен жабдықтау және жылыту бойынша шығыстары 8 367,8 мың теңгені құрады, оның ішінде:

• электр энергиясына – 73% немесе 6 083,8 мың теңге;
• суық сумен жабдықтауға – 4% немесе 294,5 мың теңге;
• жылытуға – 20% немесе 1 715,2 мың теңге;
• ыстық сумен жабдықтауға – 3% немесе 274,3 мың теңге.

7.4 GRI 303-3: Су алу

2025 жылы Компания жерүсті немесе жерасты көздерінен су алуды жүзеге асырған жоқ.

7.5 GRI 303-5: Су тұтыну

Компания үшін «Су тұтыну» көрсеткіші үшінші тарап жеткізушілерінен алынған және қызмет барысында, негізінен шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланылған су көлеміне тең.

Компанияның қызметі суды көп қажет ететін өндірістік процестермен байланысты емес және су тапшылығы деңгейі жоғары аудандарда жүзеге асырылмайды.

7.6 GRI 305-1: СО₂ шығарындылары

Қор өз қызметін жүзеге асыру барысында экологиялық жағдайға елеулі әсер етпейді. Дегенмен Қор ықпал ете алатын салаларда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған барынша күш-жігер жұмсайды.

Қор өз қызметінің ауаға, су ортасына және жерге тигізетін теріс салдарын азайту бойынша бірқатар іс-шара жүргізеді, сондай-ақ мүмкіндік пен экономикалық орындылық болған жағдайда ресурстарды үнемді пайдалануға ұмтылады. Оның ішінде:

• адам мен қоршаған орта үшін қауіпсіз түрде кәдеге жарату мүмкіндігі болған жағдайда энергия үнемдейтін жабдықты, шамдарды және басқа да шешімдерді пайдалану;
• тек сертификатталған («жасыл») жабдықты пайдалану қағидатын сақтау;
• принтерлер мен көшіру машиналарына арналған картридждерді жаңасын пайдаланудың орнына қайта толтыру немесе оларды кейіннен қайта толтыру мақсатында өткізу;
• табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды басқару;
• төтенше жағдайлардың теріс салдарын болдырмау бойынша тиісті іс-шараларды әзірлеу және дайындау;
• қоршаған ортаға әсері төмен көлікті пайдалану, оның ішінде отынды үнемді пайдалану және атмосфераға зиянды шығарындылардың төмен деңгейін қамтамасыз ету;
• кеңселерде қоршаған ортаға барынша аз зиян келтіретін сертификатталған кондиционерлерді ғана орнату;
• сертификатталған қағазды, мысалы FSC қағазын, сондай-ақ хлор қолданбай, TCF – хлорсыз ағарту және ECF технологиясы бойынша өндірілген қағазды пайдалану.


ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

7.7 GRI 401-1: Жұмыспен қамту және кадр тұрақсыздығы

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қор қызметкерлерінің нақты саны 96 адамды, тізімдік саны 99 адамды құрады. Бұл ретте есепті кезеңде:

• 19 қызметкер жұмысқа қабылданды;
• 8 еңбек шарты қызметкерлердің бастамасы бойынша бұзылды;
• 2 қызметкер жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, кейіннен бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа шықты;
• 1 қызметкер бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс ресімдеді.

Қоғамның кадр саясаты персоналдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, еңбек заңнамасын сақтауға және қызметкерлердің кәсіби деңгейін қолдауға бағытталған.

7.8 GRI 403-9: Өндірістік жарақаттану

2025 жылы «LTIFR» және «TRIR» жарақаттану коэффициенттері 0-ді құрады. Бұл әкімшілік, кеңсе секторлары мен бизнес-қызметтер салаларындағы жарақаттанудың төмен деңгейіне сәйкес келеді. Сондай-ақ жұмыс орнында өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның барлық қызметкерлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша міндетті оқытудан өтті.

7.9 GRI 404-1: Персоналды оқыту және білім беру

Бір қызметкерге шаққандағы орташа оқу сағаты 13,15 сағатты құрады.

Компания Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына және Компания қызметінің міндеттеріне сәйкес персоналдың қажетті білім мен дағды деңгейін қолдауға бағытталған қызметкерлердің біліктілігін арттыру, кәсіби және басқарушылық құзыреттерін дамыту бағдарламаларын іске асырады.

Оқыту қызметкерлердің барлық санаттарын қамтиды және міндетті оқыту түрлері мен кәсіби даярлықты қамтиды.

7.10 GRI 405-1: Әртүрлілік және теңдік

Компания еңбек қатынастарын жүзеге асыру және персоналды басқару кезінде тең мүмкіндіктер мен кемсітушілікке жол бермеу қағидаттарын ұстанады.

Кадр құрамын қалыптастыру қызметкерлердің кәсіби және іскерлік қасиеттері негізінде, жынысы мен жасына байланысты шектеусіз жүзеге асырылады.

7.11 GRI 406-1: Кемсітпеу

Компанияның персоналды басқару саласындағы саясаты барлық қызметкерлерге жынысына, жасына, ұлтына, діни сеніміне және өзге де белгілеріне қарамастан тең көзқарасты көздейді.

2025 жылы Компанияда кемсітушіліктің расталған жағдайлары, сондай-ақ кемсітушілікке байланысты сот талқылаулары мен негізді шағымдар анықталған жоқ.


Қор корпоративтік ақпаратты ашудың үздік халықаралық тәжірибелерін, соның ішінде International Integrated Reporting Council (IIRC) интеграцияланған есептілік қағидаттарын және Sustainability Accounting Standards Board (SASB) ұсынымдарын Қор қызметінің сипаты мен ауқымына қолданылатын бөлігінде бағдарға алады.

Қор қызметінің ерекшелігін, сондай-ақ оның ҚР Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы мәртебесін ескере отырып, Қор IIRC және SASB стандарттарын формалды түрде қолданатынын мәлімдемейді, оларды жылдық есептің құрылымы мен мазмұнын қалыптастыру кезінде әдіснамалық бағдар ретінде пайдаланады.