Бос жұмыс орындары

Лауазым

Менеджер

Құрылымдық бөлімше

Бухгалтерлік есеп басқармасы

Біліктілік талаптары

Білімі: жоғары экономикалық/қаржылық

Жұмыс тәжірибесі: бухгалтерлік есеп саласында кемінде 2 (екі) жыл

Арнайы білімі және дағдылары: Қазақстан Республикасының салық және қаржы заңнамасын, бухгалтерлік есептілік стандарттарын білу; лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде компьютерлік дағдылардың болуы.

Функционалдық міндеттер

-        қаржы құралдары мен шаруашылық операциялары бойынша салық есебін жүргізу;

-        корпоративтік табыс салығы, сатып алынған және шығарылған облигациялар мен шаруашылық операциялары бойынша кейінге қалдырылған салықтар бойынша есеп жүргізу;

-        бейрезиденттер бойынша салықтардың есебін жүргізу;

-        салықтық және статистикалық есептілікті қалыптастыру және ұсыну;

-        салық заңнамасындағы өзгерістерді бақылау және бөлімшенің қызметіне байланысты міндеттер мен тапсырмаларды орындау.

Байланыс жасайтын тұлға

Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасының жетекші менеджері Алуа Жаксылыковна Курабаева

Тел: 8 (727) 277-20-25, ішкі 7371

E-mail: aqparat@kfu.kz