Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру барысында Қор оның кез келген нысандары мен көріністеріне, оның ішінде контрагенттермен (іскерлік серіктестер және олардың өкілдерімен), сондай-ақ мемлекеттік органдармен және олардың қызметкерлерімен, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдерімен өзара байланыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ұстанымын ұстанады.
Қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бағыттарын айқындау және Қор қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін құру үшін «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары әзірленді.
Қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының орындалуын Қордың комплаенс-бақылаушысы қадағалап отырады.
Қордың комплаенс-бақылаушысының функцияларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысының алдын-алу, Қор қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық және өзге де заңсыз әрекеттері фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ комплаенс-бақылаушы туралы Ережеге және Қордың ішкі құжаттарына сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады.
Комплаенс-бақылаушының мәліметтері мен байланыс деректері:
Жакупкалиева Жулдуз Заркынбековна
+7 (727) 277-20-25 (ішкі 7406)
Email: zh.zhakupkaliyeva@kfu.kz
Ұялы: +7 701 720 84 52