2025 жылы «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ бағдарламаларының орындалу нәтижелері
1. ҚР БАНК СЕКТОРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығы бағдарламасына қатысатын екінші деңгейлі банктердің қаржылық тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері оң динамика көрсетті:
- жиынтық активтері 11,0%-ға өсті;
- жиынтық меншікті капиталы 17,0%-ға өсті;
- бөлінген қаражатты мерзімінен бұрын қайтару көлемі 618,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде 2025 жылы 318,6 млрд теңге өтелді.
ҚР банк секторының қаржылық тұрақтылығы бағдарламасына қатысушылардың барлығы 2025 жыл бойы пруденциялық нормативтер бойынша талаптарды орындады. (Дереккөз: Қазақстан Ұлттық Банкі).
2. ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫ ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1 бөлім
Бағдарламаның 1-бөлімінің талаптарына сәйкес жалпы сомасы 212,14 млрд теңге болатын 33 190 қарыз қайта қаржыландырылды. Оның ішінде бұрын қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуден түскен қаражат есебінен, револьверлік тетікті ескере отырып, 82,9 млрд теңге сомасына 9 579 қарыз қайта қаржыландырылды.
2025 жылы 1-бөлім аясында жалпы сомасы 6,95 млрд теңге болатын 444 қарыз қайта қаржыландырылды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың 4,8 млрд теңге сомасындағы 314 қарызы бар.
2025 жылы Қор заңды күшіне енген сот актілерінде көрсетілген қарыз алушылардың, кепілгерлердің және кепіл берушілердің мемлекеттік баж сомалары бойынша талаптарын, сондай-ақ шетел валютасындағы қарыздарды қайта қаржыландыру кезінде қалыптасқан бағамдық айырма сомалары бойынша талаптарды жалпы сомасы 511,3 млн теңгеге өтеді.
2 бөлім
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағдарламаның 2-бөлімі аясында өтемақы сомасы 114,74 млн теңге болатын 16 057 қарыз қайта қаржыландырылды. 2025 жылы Бағдарламаның 2-бөлімі бойынша 5,75 млрд теңге сомасына 283 қарыз қайта қаржыландырылды. Заңды күшіне енген сот актілерінде көрсетілген қарыз алушылардың, кепілгерлердің және кепіл берушілердің мемлекеттік баж сомалары бойынша талаптары жалпы сомасы 99,5 млн теңгеге өтелді.
2.1 бөлім
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2.1-бөлім аясында 108,9 млрд теңге сомасындағы 10 305 ипотекалық қарыз бойынша қосымша көмек көрсетілді. 2025 жылы 2.1-бөлім бойынша жалпы сомасы 15,5 млрд теңге болатын 1 019 қарызға қосымша көмек көрсетілді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың 14,5 млрд теңге сомасындағы 962 қарызы бар. 2025 жылы заңды күшіне енген сот актілерінде көрсетілген қарыз алушылардың, кепілгерлердің және кепіл берушілердің мемлекеттік баж сомалары бойынша талаптары жалпы сомасы 42,4 млн теңгеге өтелді.
Жалпы алғанда, 436,3 млрд теңге сомасына 59 552 қарыз қайта қаржыландырылды. Салымдарға орналастырылған қаражат сомасы 288,6 млрд теңгені құрады.
3. ИПОТЕКАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
2025 жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша 100 млрд теңге сомасына 5 562 кредит берілді және 106 млрд теңге сомасындағы 5 935 қарыз бойынша талап ету құқықтары сатып алынды. Бағдарлама іске асырыла бастаған 2018 жылғы шілдеден бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жалпы сомасы 1 174,2 млрд теңге болатын 83 155 кредит берілді. Оның ішінде 1 166,6 млрд теңге сомасындағы 82 894 қарыз сатып алынды. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қордың ипотекалық портфелі 1 051,1 млрд теңгеден асып, екінші деңгейлі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздары жиынтық портфелінің 15%-ын құрады.
4. ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОКРЕДИТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Автокөлік сатып алушыларды револьверлік тетік бойынша кредиттеу бағдарламасын іске асыру аясында 2025 жылы жалпы сомасы 12,6 млрд теңгеден асатын 1 295 қарыз берілді. Жалпы бағдарлама бойынша 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайға сәйкес қазақстандықтар жеңілдетілген шарттармен отандық өндірістегі 14,5 мың автокөлікті жалпы сомасы 102,2 млрд теңгеге сатып алды.
2024 жылы «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ бағдарламаларының орындалу нәтижелері
1. ҚР БАНК СЕКТОРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығы бағдарламасына қатысатын екінші деңгейдегі банктердің қаржылық орнықтылығының негізгі көрсеткіштері келесідей оң динамиканы көрсетті:
- екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активтері 12,0%-ға өсті;
- жиынтық меншікті капитал 35,0%-ға өсті;
- бөлінген қаражаттың мерзімінен бұрын қайтарылуы 300,0 млрд теңгені құрады, оның ішінде 2024 жылы 218,3 млрд теңге өтелді
ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығы бағдарламасының барлық қатысушылары 2024 жыл ішінде пруденциалдық нормативтер бойынша талаптарды орындады (дереккөз: Қазақстан Ұлттық Банкі).
2. ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫ ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қор 2024 жылы қарыз алушылардың (кепіл берушілердің) жалғыз тұрғын үйін сақтап қалу, қарыз алушылардың, оның ішінде ХӘОТ-қа жататын қарыз алушылардың берешегін азайтуға және проблемалық қарыздардың үлесін төмендетуге жәрдемдесу мақсатында Қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға қатысуын жалғастырды. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде 2024 жылы жалпы сомасы 15,5 млрд теңгеге 1,2 мыңға жуық қарыз алушы қайта қаржыландырылды.
1-БӨЛІМ
Бағдарламаның 1-бөлімінің талаптарына сәйкес жалпы сомасы 204,9 млрд теңгеге 32 731 қарыз, оның ішінде бұрын қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен 75,95 млрд теңгеге 9 129 қарыз (револьверлік тетікті ескере отырып) қайта қаржыландырылды. 2024 жылы 1-бөлім шеңберінде жалпы сомасы 6,2 млрд теңгеге 414 қарыз, оның ішінде 4,8 млрд теңгеге 299 ХӘОТ қарызы қайта қаржыландырылды. 2024 жылы Қор қарыз алушылардың/ кепілгердің/ кепіл берушінің заңды күшіне енген сот актілерінде көрсетілген мемлекеттік баждарының сомалары бойынша, сондай-ақ жалпы сомасы 656,2 млн теңгеге шетел валютасындағы қарыздарды қайта қаржыландыру кезінде туындаған бағамдық айырма сомалары бойынша талаптарды өтеді.
2-БӨЛІМ
Бағдарламаның 2-бөлімі бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес 113,64 млрд теңге өтемақы сомасына 15 771 қарыз қайта қаржыландырылды. 2024 жылы Бағдарламаның 2-бөлімі бойынша 0,2 млрд теңге өтемақы сомасымен 119 қарыз қайта қаржыландырылды, қарыз алушылардың/ кепілгердің/ кепіл берушінің заңды күшіне енген сот актілерінде көрсетілген мемлекеттік баж сомалары бойынша жалпы сомасы 111,5 млн теңгеге талаптар өтелді.
2,1-БӨЛІМ
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2-1-бөлімге сәйкес 93,1 млрд теңге сомасына 9 269 ипотекалық қарызға қосымша көмек көрсетілді. 2024 жылы 2-1-бөлім бойынша жалпы сомасы 9,1 млрд теңгеге 636 қарыз, оның ішінде 8,1 млрд теңгеге 573 ХӘОТ қарызы бойынша қосымша көмек көрсетілді. 2024 жылы қарыз алушылардың/ кепілгердің/ кепіл берушінің заңды күшіне енген сот актілерінде көрсетілген мемлекеттік баж сомалары бойынша жалпы сомасы 70,3 млн теңгеге талаптар өтелді.
Жалпы сомасы 411,6 млрд теңгеге 57 771 қарыз қайта қаржыландырылды, салымдарда орналастыру сомасы – 289,9 млрд теңге.
3. ИПОТЕКАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
2024 жылы Бағдарлама бойынша 100 млрд теңгеге 5 891 кредит берілді және 99,1 млрд теңге сомасына 5 899 қарыз бойынша талап ету құқықтары сатып алынды. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 074,2 млрд теңге сомасына 77 593 кредит берілді, оның ішінде 1 060,6 млрд теңге сомасына 76 959 қарыз сатып алынды. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қордың ипотекалық портфелі 1 093,5 млрд теңгеден асып, ЕДБ ипотекалық тұрғын үй қарыздарының жиынтық портфелінің 18%-ын құрады.
4. ЖЕҢІЛДІКТІ АВТОКРЕДИТ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Автокөлік сатып алушыларға револьверлік тетік бойынша кредит беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2024 жылы 8,6 млрд теңгеден астам сомаға 841 қарыз берілді. Бағдарлама бойынша 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайға сәйкес қазақстандықтар жеңілдікті талаптарда жалпы сомасы 89,6 млрд теңгеге отандық өндірістің 13 216 автокөлігін сатып алды.
2023 жылы «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ бағдарламаларының орындалу нәтижелері
1. ҚР БАНК СЕКТОРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығы бағдарламасына қатысатын екінші деңгейдегі банктердің қаржылық орнықтылығының негізгі көрсеткіштері келесідей оң динамиканы көрсетті:
- екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активтері 12,0%-ға өсті;
- жиынтық меншікті капитал 38,0%-ға өсті.
ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығы бағдарламасының барлық қатысушылары 2023 жыл ішінде пруденциалдық нормативтер бойынша талаптарды орындады (дереккөз: Қазақстан Ұлттық Банкі).
2. ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫ ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қор 2023 жылы қарыз алушылардың (кепіл берушілердің) жалғыз тұрғын үйін сақтап қалу, қарыз алушылардың, оның ішінде ХӘОТ-қа жататын қарыз алушылардың берешегін азайтуға және проблемалық қарыздардың үлесін төмендетуге жәрдемдесу мақсатында Қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға қатысуын жалғастырды.
1-БӨЛІМ
Бағдарламаның 1-бөлімінің талаптарына сәйкес жалпы сомасы 199,1 млрд теңгеге 32 337 қарыз алушы, оның ішінде бұрын қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен 70,3 млрд теңгеге 8 753 қарыз (револьверлік тетікті ескере отырып) қайта қаржыландырылды. 2023 жылы 1-бөлім шеңберінде жалпы сомасы 10,3 млрд теңгеге 800 қарыз, оның ішінде 7,4 млрд теңгеге 529 ХӘОТ қарызы қайта қаржыландырылды. 2023 жылы Қор жалпы сомасы 2 190 млн теңгеге қарыз алушылардың/кепілгердің/кепіл берушінің заңды күшіне енген сот актілерінде көрсетілген мемлекеттік баждарының сомалары бойынша, сондай-ақ шетел валютасындағы қарыздарды қайта қаржыландыру кезінде туындаған бағамдық айырма сомалары бойынша
талаптарды өтеді.
2-БӨЛІМ
Бағдарламаның 2-бөлімі бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес 113,4 млн теңге өтемақы сомасына 15 628 қарыз алушы қайта қаржыландырылды. 2023 жылы Бағдарламаның 2-бөлімі бойынша 1,5 млрд теңге өтемақы сомасымен 223 қарыз қайта қаржыландырылды, жалпы сомасы 82,3 млн теңгеге қарыз алушылардың/кепілгердің/кепіл берушінің заңды күшіне енген
сот актілерінде көрсетілген мемлекеттік баж сомалары бойынша талаптар өтелді.
2,1-БӨЛІМ
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2-1-бөлімге сәйкес 84,0 млрд теңге сомасына 8 633 ипотекалық қарыз алушыға қосымша көмек көрсетілді. 2023 жылы 2-1-бөлім бойынша жалпы сомасы 16,9 млрд теңгеге 1 321 қарыз бойынша, оның ішінде 14,5 млрд теңгеге 1 046 ХӘОТ қарызы бойынша қосымша көмек көрсетілді. 2023 жылы жалпы сомасы 51,4 млн теңгеге қарыз алушылардың/кепілгердің/кепіл берушінің заңды күшіне енген сот актілерінде көрсетілген мемлекеттік баж сомалары бойынша талаптар өтелді.
Жалпы сомасы 396,5 млрд теңгеге барлығы 56 598 қарыз алушы қайта қаржыландырылды.
3. ТЕҢГЕЛІК ДЕПОЗИТТЕРДІ ҚОРҒАУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қор Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасын іске асырды, оның шеңберінде 2,6 млн астам депозитордан өтініштер қабылданды. 2023 жылғы наурызда республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебінен Қор тепе-теңдік талаптармен (50/50) өтемақы төлеу үшін екінші деңгейдегі 17 банкке 306,65 млрд теңге аударды.
Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасы өтінім беру сипатында болды, осыған байланысты салымшыларға өтемақы (сыйлықақы) алу үшін банкке өтінім беру қажет болды. Өтемақы (сыйлықақы) 2023 жылғы наурызда Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасына
қатысатын салымшыларға есептелді.
Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасын қаржыландыруға арналған шығыстар республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында тепе-теңдік негізде – қаражаттың 50%-ы республикалық бюджет қаражаты есебінен және қалған 50%-ы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебінен бөлінді.
4. ИПОТЕКАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
2023 жылы Қор қатысушы банктер берген 11 511 қарыз бойынша 177,5 млрд теңге сомасына талап ету құқықтарын сатып алды, оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 177,1 млрд теңгеге 11 473 қарыз, «Баспана хит» НИӨ бойынша 408,6 млн теңгеге 38 қарыз сатып алынды.
5. ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСЫМ ЖОБАЛАРЫНА КРЕДИТ БЕРУДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
2023 жылы экономиканың басым жобаларын дамыту және қолдау мақсатында Қор өңдеуші өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және басқа да маңызды секторлар саласындағы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша салаларды дамытуға қатысуын жалғастырды. Мәселен, есепті жылы Қор жалпы сомасы 10 млрд теңгеге екінші деңгейдегі банктердің облигацияларын сатып алды.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы Басым жобаларды кредиттеу тетігі бойынша екінші деңгейдегі банктер 1,4 трлн теңге сомасына, оның ішінде Қор қаражаты есебінен 206,5 млрд теңгеге 3 703 жобаны қаржыландырды.
2023 жылдың соңында Бағдарламаны іске асыру аяқталды.
