Қасенов Асхат Серікұлы
Туған күні: 1977 жылғы 24 наурыз
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі:
2024 жылғы 2 шілдеде «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде сайланды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесі мүшесінің функцияларын жүзеге асырады.
«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, кадрлар мен сыйақы мәселелерiн, әлеуметтiк мәселелердi қарау жөнiндегi комитетiнің төрағасы және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің мүшесі болып табылады.
«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ тәуелсіз директоры лауазымын атқару үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Білімі:
1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы (бакалавр) бойынша үздік бітірді. Британдық Директорлар институтының корпоративтік басқару сертификатына (IoD Certificate in Company Direction) ие. 2016 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Заң мектебінің магистратурасын (LLM) тәмамдады. 2020 жылы АҚШ-тағы Аризона университеті Эллер бизнес мектебін іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дипломымен бітірді.
Phi Kappa Phi қоғамының мүшесі.
Жұмыс тәжірибесі:
2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Силлено» ЖШС-нің бизнесті қолдау жөніндегі директоры қызметін атқарады. Бұған дейін 2019 жылғы шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де Заң департаментінің директоры болып жұмыс істеген. Бұрынырақта банктік және инвестициялық секторда жұмыс істеген, корпоративтік құқық және корпоративтік басқару мәселелері бойынша жеке практикамен айналысқан. Еңбек қызметінің едәуір бөлігін, яғни 12 жыл «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы компанияларының тобында өткізді, онда корпоративтік хатшы және департамент директоры лауазымдарын атқарды, бірлескен кәсіпорынның директорлар кеңесінің құрамына кірді.
Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығының тең құрылтайшысы.