
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК:
Қор өз қызметін жүзеге асыру кезінде экологиялық жағдайға елеулі әсер келтірмейді, әйтсе де Қор қандай да бір ықпал етуі мүмкін салаларда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды орындау үшін барынша күш салады.
Қор өз қызметінің әуе, су ортасына және жерге келтіретін жағымсыз салдарларын азайту үшін бірқатар іс-шаралар жүргізеді, сондай-ақ мүмкіндігі мен экономикалық орындылығы болған жағдайда ресурстарды үнемді пайдалануға тырысады.
КЕЛЕСІ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ:
- энергия үнемдейтін жабдықтарды, шамдарды және басқа да шешімдерді адам және қоршаған орта үшін қауіпсіз кәдеге жарату мүмкіндігі болған кезде пайдалану;
- тек сертификатталған («жасыл») жабдықты пайдалану қағидатын сақтау;
- принтерлер мен көшірмелеу машиналары үшін картридждер толтыруды пайдалану (жаңаларын пайдаланудың орнына) не оларды кейіннен толтыру мақсатында өткізу;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды басқару: төтенше жағдайлардың теріс салдарын болдырмау жөніндегі тиісті іс-шараларды әзірлеу және дайындау;
- жанармайды үнемді пайдалануды және атмосфераға зиянды шығарындылардың төмен деңгейін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсері төмен көлікті пайдалану;
- офистерде қоршаған ортаға барынша аз зиян келтіретін сертификатталған кондиционерлерді ғана орнату;
- TSF (хлорсыз ағарту) және ECF технологиясы бойынша сертификатталған қағазды (мысалы, FSC) және хлорсыз өндірілген қағазды пайдалану.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қордың электр энергиясы, сумен жабдықтау және жылыту шығыстары 6 231,1 мың теңгені құрады, оның ішінде:
- электр энергиясы үшін – 4 483 мың теңге,
- суық сумен жабдықтау үшін – 213,9 мың теңге,
- ыстық сумен жабдықтау үшін – 227,2 мың теңге,
- жылыту үшін – 1 307 мың теңге.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қордың миссиясы – халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту және ҚРҰБ стратегиялық міндеттері шеңберінде бизнес дамытуды қолдау.
Миссияға сәйкес корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік маңызды этикалық қағидат болып табылады және Қор қызметкерлерінің қызметін жүзеге асыруда, шешім қабылдау процесінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары Қор жұмысының барлық бағыттарында көрініс табады. Халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту және экономиканың дамуын қолдау жөніндегі миссияны іске асыра отырып, Қор қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтап қалу мақсатында ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру, азаматтардың қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесу және экономикалық өсуді қолдау сияқты маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге тікелей ықпал етеді. Осылайша, әлеуметтік жауапкершілік Қордың күнделікті жұмысының ажырамас бөлігіне айналады, сондай-ақ сыртқы және ішкі процестерде көрінеді.
Қор бос жұмыс орындарына үміткерлер үшін бірдей мүмкіндіктер береді, қызметкерлерге лайықты еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді, әрбір қызметкерге өз білімін қолдануға, дағдыларын дамытуға және біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын, оның ішінде шиеленісті жағдайларды шешу кезінде сақталуын қамтамасыз етеді.
2024 жылы Қордың бос жұмыс орындарына 6 қызметкер қабылданып, қызметкерлердің бастамасы бойынша 6 еңбек шарты бұзылды. 1 қызметкер жүктілік және босану бойынша демалысты ресімдеді, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысты ресімдеген қызметкерлер болған жоқ.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қор қызметкерлерінің нақты саны 86 адамды құрады.
Жыныстық белгі бойынша:
- ер қызметкерлер – 40 адам (46,5%).
- әйел қызметкерлер – 46 адам (53,5%).
Қызметкерлердің орташа жасы 41 эас:
- 30 жасқа дейін – 5 қызметкер (5,8%).
- 30 – 49 жас – 67 қызметкер (77,9%).
- 50 жастан жоғары – 14 қызметкер (16,3%).
Басқарма мүшелерінің құрамы 5 адамнан тұрады:
- әйел қызметкерлер – 2 адам (40%).
- ер қызметкерлер – 3 адам (60%).
ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ҚОРЫ
Қор қызметкерінің лауазымдық жалақысының мөлшері жүктелген лауазымдық міндеттерге, жауапкершілік деңгейіне, біліктілігіне және қажетті біліміне қарай белгіленеді. Қор қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу лауазымдық жалақының, қызметкерлердің еңбек тиімділігін ынталандыруға арналған сыйлықақының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген өзге де қосымша ақының төленуін қамтиды.
Қор қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қаржылық көмекті – Қор актілерінде белгіленген төлемдерді және ауырған жағдайда қызметкерлерді ерікті медициналық сақтандыруды көздейді. Бұл талаптар барлық қызметкерлерге қатысты қолданылады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің арасындағы ықтимал келіспеушіліктерді шешу үшін Қорда келісу комиссиясы жұмыс істейді, ол Қордан және қызметкерлердің қатарынан өкілдердің бірдей санынан құрылған. Қызметкерлердің тарапынан есепті кезеңде еңбек құқықтарының бұзылғаны туралы шағымдар (өтініштер) тіркелген жоқ.
2024 ЖЫЛЫ ҚОР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІК ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ ҮШІН МЫНАДАЙ ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ:
-
қызметкерлердің жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті негізгі құзыреттерін дамытуға бағытталған ішкі оқыту;
-
11 «ҚОҚ білім» онлайн-вебинары, оның шеңберінде қызметкерлер Қор процестерінің өзгерістерімен немесе енгізілуімен танысты, әріптестерімен өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті;
-
біліктілігін арттыруға және кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған сыртқы оқыту (17 қызметкер қатысқан 6 курс);
-
Қор қызметкерлерін дамыту мақсатында басшылардың басқарушылық құзыреттерінің және басшы лауазымдарын атқармайтын қызметкерлердің корпоративтік құзыреттерінің даму деңгейіне жыл сайынғы бағалау жүргізілді, оның нәтижесінде бір жылға арналған жеке даму жоспарлары жасалды.