«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) барлық мүдделі тараптармен тұрақты, ашық және диалогтық негізде қарым-қатынас орнатуға тырысады.

Қорда орнықты даму саласындағы басқару жүйесі құрылады, оған мүдделі тараптардың картасын құру кіреді. Қордың мүдделі тараптармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру процесі мүдделі тараптардың картасында баяндалған.

Мүдделі тараптардың картасы Қорға айтарлықтай әсер ететін сыртқы және ішкі мүдделі тараптармен сындарлы қатынастар құру мақсатында мүдделі тараптарды сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Қор тәуекелдерді ескере отырып, мүдделі тараптардың картасын жасайды және оларды тікелей немесе жанама тәуелділікті, міндеттемелерді, жағдайды, әсерді және басқа да әртүрлі перспективаларды ескере отырып саралайды.

Мүдделі тараптардың тізімі

Мүдделер/Уәждер, Болжалдар

Әсер ету құралдары

Өзара әрекеттесу әдістері

1

Жалғыз акционер

Жалғыз акционердің мүдделерін сақтау

Жарғы, корпоративтік басқару кодексі

  • Жалғыз акционердің шешімдері;
  • Есептер;
  • Кездесулер мен келіссөздер;
  • Хат алмасу және сұратулар.

2

Директорлар кеңесі

Жалпы және стратегиялық басқару, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу

Жарғы, ішкі регламенттеуші құжаттар

  • Директорлар кеңесінің отырыстары;
  • Басқарушылық есептер;
  • Қаржылық есептер;
  • Жылдық есеп.

3

Басқарма

Ағымдағы қызметке басшылық ету, қызметтің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу

Жарғы, ішкі регламенттеуші құжаттар

  • Басқарма отырыстары;
  • Басқарушылық есептер;
  • Қаржылық есептер;
  • Жылдық есеп.

4

Қызметкерлер (жұмыскерлер)

Стратегиялық және жалпы қызметті орындау мақсатында жұмысты орындау, материалдық және материалдық емес уәждеме, мансаптық өсу мүмкіндігі, жұмыскерлердің кәсіби және жеке-іскерлік құзыреттерін дамыту

ҚР Еңбек кодексі, еңбек шарты, ішкі регламенттеуші құжаттар

  • Тренингтер, семинарлар және оқытудың басқа түрлері;
  • Құзыреттілікті бағалау;
  • Қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін (ТНК) орындау нәтижелілігін бағалау.

5

Инвесторлар

Пайда алу мақсатында инвестициялау

Облигациялар шығарылымының проспектісі, меморандумдар, шарттар

  • Жалғыз акционердің шешімдері;
  • Жазбаша хабарламалар.

6

Клиенттер (жеке тұлғалар/қарыз алушылар, заңды тұлғалар, ЕДБ қоса алғанда, қаржы институттары)

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру және ЕДБ-ні қаржылық қолдау, «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы

Іс-шаралар жоспарлары, шарттар, облигациялар шығарылымының проспектісі, келісімдер, меморандумдар

  • Жалғыз акционердің шешімдері;
  • Шарттар және (немесе) Келісімдер;
  • Кездесулер мен келіссөздер;
  • Хат алмасу және сұратулар;
  • Қаржы институттарында ақша қаражатын орналастыру;
  • Қаржы институттары мен ЕДБ облигацияларын сатып алу;
  • Қаржы институттарының есептері;
  • Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын беру.

7

Жеткізушілер (контрагенттер, консалтингтік ұйымдар)

Өзара тиімді ынтымақтастық, шарттық міндеттемелерді сақтау

ҚР Азаматтық кодексі, ҚР ҰБ 27.08.2018 ж. №192 сатып алу қағидалары, ТЖҚ сатып алу туралы шарт

  • Шарттар;
  • Өткізілетін сатып алулар туралы ақпарат;
  • Жеткізушілердің өтініштерін қарау.

8

Мемлекеттік органдар (Парламент, Үкімет, Соттар)

Заңнамалық және атқарушылық функцияларды, сондай-ақ сот ісін жүргізуді жүзеге асыру

ҚР заңнамасы

  • Заңнамалық және нормативтік реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс;
  • Жұмыс топтарына, форумдарға, конференцияларға қатысу;
  • Сот отырыстарына қатысу.

9

Бұқаралық ақпарат құралдары

Қордың қызметі туралы жариялау және ақпараттандыру

Баспасөз хабарламалары, есептер, интернет-сайт

  • Интернет-сайт;
  • Баспасөз хабарламалары, баспасөз конференциялары және брифингтер;
  • Жылдық есеп.

10

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша серіктестер

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру

Шарттар, облигациялар шығарылымының проспектісі.

  • Қаржы институттарында ақша қаражатын орналастыру;
  • Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру;
  • Жалғыз акционердің шешімдері;
  • Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдері;