Қор өз қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ары қарай – Ұлттық Банк) баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі стратегиялық міндеттері, сондай-ақ Ұлттық Банк бекітетін бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырады.
2019 жылғы 25 желтоқсанда Ұлттық Банк арқылы Жалғыз акционер Ипотекалық тұрғын үйге кредит беру бағдарламаларының операторы ретінде қоғамның («Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ) қызметі түрлерін сақтай отырып, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-ны Қорға қосу нысанында Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Біріктірілгеннен кейін Fitch Ratings рейтингтік агенттігі 2020 жылы Қорға «BBB» деңгейінде шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) берді, болжам – «Тұрақты». 2024 жылғы Fitch Ratings Қордың шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР-ін «BBB» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты».
Қордың миссиясы – Ұлттық Банктің стратегиялық міндеттері шеңберінде халықтың материалдық әл-ауқатын арттыру және кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету.
Қордың пайымы – қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламаларын тиімді жүзеге асыратын және экономиканың дамуына қаржылық қолдау көрсететін даму институты.
Қор өз қызметін келесі үш стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырады:
• Қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
• Экономиканы мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қаржыландыруға қатысу;
• Тиімді және орнықты Қор құру.