RU

Азаматтығы:             Италия

Білімі:                        Экономика ғылымдарының докторы (Doctor of Philosophy (Ph.D.) in Economics), Экономика мектебі, Хитоцубаси университеті, Токио, Жапония (1997).

Экономика ғылымдарының магистрі, Экономика мектебі, Хитоцубаси университеті, Токио, Жапония (1994).

Экономика ғылымдарының бакалавры, Боккони университеті, Милан, Италия (1990).

Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі:

2020 жылғы 7 ақпанда Д. Капаннелли «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде сайланды (2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап қайта сайланды).

Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесі мүшесінің функцияларын жүзеге асырады.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау мәселелерiн, кадрлар мен сыйақыларды, әлеуметтiк мәселелердi қарау жөнiндегi комитетiнің төрағасы болып табылады.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысында «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-ның тәуелсіз директоры лауазымын атқаруға белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

Жұмыс тәжірибесі:

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2020 жылғы ақпаннан бастап);

Азия Даму Банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры (2016 жылғы қыркүйек – 2020 жылғы қыркүйек);

Азия Даму Банкінің Орталық және Батыс Азия департаментінің білімді басқару жөніндегі үйлестірушісі (2014 – 2016);

Токиодағы Азия Даму Банкі институты деканының кеңесшісі (2010 – 2014);

Азия Даму Банкінің бас экономисі (2009 – 2010);

Азия Даму Банкінің Өңірлік экономикалық интеграция басқармасының аға экономисі (2004 – 2009);

Азия Даму Банкінің Тынық мұхиты департаментінің экономисі (2002 – 2004);

Экономика профессоры, Азия-Еуропа институты, Малайя университеті, Куала-Лумпур, Малайзия (1999 жылғы қаңтар – 2002 жылғы шілде);

Экономист, Италия Банкі, Жапониядағы өкілдік, Гонконг, Сингапур-Токио, Жапония (1996 жылғы қыркүйек – 1998 жылғы желтоқсан).

Басқа да лауазымдары:

Дәріскер, Азиялық экономикалық даму, Хитоцубаси университеті, Токио, Токиодағы Саяси ғылымдар ғылыми-зерттеу институты (Мемлекеттік саясаттану аспирантурасы), Токио университеті, Жапония (2010 жылғы қазан – 2014 жылғы қыркүйек);

Дәріскер, Өңірлік интеграцияны саяси үнемдеу, Атенео де Манила университеті, Манила, Филиппин (2003 жылғы қараша – 2010 жылғы наурыз);

Дәріскер, Азияның экономикалық дамуы және экономикалық интеграция: сауда және инвестиция, Хосэй университеті, Токио, Жапония; Обилин университеті (Оберлин), Токио, Жапония (1996 жылғы сәуір – 1998 жылғы наурыз).