Оспанов Ерболат Серікұлы
Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі
Туған күні: 1967 жылғы 25 мамыр
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі:
2020 жылғы 7 ақпанда «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды (2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап қайта сайланды).
Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесі мүшесінің функцияларын жүзеге асырады.
«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау мәселелерiн, кадрлар мен сыйақы мәселелерін, әлеуметтiк мәселелердi қарау жөнiндегi комитетiнің құрамына кіреді.
Білімі:
Лос-Анджелес университеті (UCLA, Калифорния), ХБА (2013)
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Қаржы және кредит (1999)
Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Математика, (1991)
Жұмыс тәжірибесі:
Ерболат Оспанов 2020 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Басқармасының төрағасы қызметін атқарады.
2019 жылдан бастап 2020 жылғы ақпанды қоса алғанға дейін «Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы болды. Әр кезде «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ тәуелсіз директоры (CEO), Borgata Mayer Inc. компаниясында CEO, KMG KashaganB.V. ЖШЖК-да директордың сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, «Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясында Жергілікті қамтуды дамыту департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ Астана филиалы директорының орынбасары, «Алма-Трейдинг» ЖШС атқарушы директоры, «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ Басқармасының төрағасы, «Өнеркәсіптік сақтандыру тобы» ААҚ президенті және басқа да қызметтерді атқарды.