Құсайынов Айдархан Маратұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор
Туған күні: 1971 жылғы 10 мамыр
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі:
2026 жылғы 4 мамырда «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде сайланды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесі мүшесінің функцияларын жүзеге асырады.
«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, кадрлар мен сыйақы мәселелерiн, әлеуметтiк мәселелердi қарау жөнiндегi комитетiнің төрағасы және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің мүшесі болып табылады.
«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ тәуелсіз директоры лауазымын атқару үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысында белгіленген және акционері белгілеген талаптарға сәйкес келеді.
Білімі:
1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша бітірген (бакалавр).
1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында (KIMEP) экономика магистрі (MA in Economics) дәрежесін алды.
2004 жылы Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген (бакалавр).
Жұмыс тәжірибесі:
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «QAMaxis» ЖШС директоры болып табылады.
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі, Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттің мүшесі болды. Бұрын Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы ұлттық компанияларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Газ өнеркәсібі департаментін басқарған. Директорлар кеңестерінің құрамында үлкен жұмыс тәжірибесі бар.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қоғамдық палатасының, «БЖЗҚ» АҚ қоғамдық кеңесінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің экономика жөніндегі сарапшылық кеңестерінің және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мүшесі болып табылады.
3 ғылыми монографияның тең авторы, 2 кітап пен көптеген мақалалардың авторы.
