Тутушкин Виталий Алексеевич
Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы Тұрақты өкілдігінің басшысы
Туған күні: 1976 жылғы 19 желтоқсан
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі:
2022 жылғы 12 сәуірден бастап «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына жалғыз акционердің өкілі ретінде сайланды (2023 жылғы 22 қыркүйекте қайта сайланды).
2022 жылғы 27 сәуірде «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды (2023 жылғы 25 қыркүйекте қайта сайланды).
Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесі төрағасының функцияларын жүзеге асырады.
«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау мәселелерiн, кадрлар мен сыйақыларды, әлеуметтiк мәселелердi қарау жөнiндегi комитетiнің және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің құрамына кіреді.
Білімі:
1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген (бакалавр).
1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Макро-микроэкономика және математикалық модельдеу» мамандығы бойынша бітірген (экономика магистрі).
2014 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін Executive management мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (11.03.2022 бастап), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы Тұрақты өкілдігінің басшысы (14.03.2022 бастап);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы Тұрақты өкілдігінің Қаржы нарығымен өзара іс-қимыл департаментінің директоры (06.2020-03.2022);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры (05.2019-06.2020);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаментінің директоры (02.2016-05.2019);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және стратегиялық талдау департаментінің директоры (12.2015-02.2016);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры (11.2014-12.2015);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары (06.2014-11.2014);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық департаменті директорының орынбасары (05.2011-06.2014);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық басқармасының бастығы (12.2010-05.2011);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаментінің экономисі, жетекші талдаушысы, бас талдаушысы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, директордың орынбасары (07.1998-12.2010);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаменті Экономикалық зерттеулер басқармасының экономисі (05.1998).
Басқа да лауазымдары:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ, «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.