«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) барлық мүдделі тараптармен тұрақты, ашық және диалогтық негізде қарым-қатынас орнатуға тырысады.
Қорда орнықты даму саласындағы басқару жүйесі құрылады, оған мүдделі тараптардың картасын құру кіреді. Қордың мүдделі тараптармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру процесі мүдделі тараптардың картасында баяндалған.
Мүдделі тараптардың картасы Қорға айтарлықтай әсер ететін сыртқы және ішкі мүдделі тараптармен сындарлы қатынастар құру мақсатында мүдделі тараптарды сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Қор тәуекелдерді ескере отырып, мүдделі тараптардың картасын жасайды және оларды тікелей немесе жанама тәуелділікті, міндеттемелерді, жағдайды, әсерді және басқа да әртүрлі перспективаларды ескере отырып саралайды.
№ |
Мүдделі тараптардың тізімі |
Мүдделер/Уәждер, Болжалдар |
Әсер ету құралдары |
Өзара әрекеттесу әдістері |
1 |
Жалғыз акционер |
Жалғыз акционердің мүдделерін сақтау |
Жарғы, корпоративтік басқару кодексі |
|
2 |
Директорлар кеңесі |
Жалпы және стратегиялық басқару, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу |
Жарғы, ішкі регламенттеуші құжаттар |
|
3 |
Басқарма |
Ағымдағы қызметке басшылық ету, қызметтің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу |
Жарғы, ішкі регламенттеуші құжаттар |
|
4 |
Қызметкерлер (жұмыскерлер) |
Стратегиялық және жалпы қызметті орындау мақсатында жұмысты орындау, материалдық және материалдық емес уәждеме, мансаптық өсу мүмкіндігі, жұмыскерлердің кәсіби және жеке-іскерлік құзыреттерін дамыту |
ҚР Еңбек кодексі, еңбек шарты, ішкі регламенттеуші құжаттар |
|
5 |
Инвесторлар |
Пайда алу мақсатында инвестициялау |
Облигациялар шығарылымының проспектісі, меморандумдар, шарттар |
|
6 |
Клиенттер (жеке тұлғалар/қарыз алушылар, заңды тұлғалар, ЕДБ қоса алғанда, қаржы институттары) |
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру және ЕДБ-ні қаржылық қолдау, «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы |
Іс-шаралар жоспарлары, шарттар, облигациялар шығарылымының проспектісі, келісімдер, меморандумдар |
|
7 |
Жеткізушілер (контрагенттер, консалтингтік ұйымдар) |
Өзара тиімді ынтымақтастық, шарттық міндеттемелерді сақтау |
ҚР Азаматтық кодексі, ҚР ҰБ 27.08.2018 ж. №192 сатып алу қағидалары, ТЖҚ сатып алу туралы шарт |
|
8 |
Мемлекеттік органдар (Парламент, Үкімет, Соттар) |
Заңнамалық және атқарушылық функцияларды, сондай-ақ сот ісін жүргізуді жүзеге асыру |
ҚР заңнамасы |
|
9 |
Бұқаралық ақпарат құралдары |
Қордың қызметі туралы жариялау және ақпараттандыру |
Баспасөз хабарламалары, есептер, интернет-сайт |
|
10 |
Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша серіктестер |
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру |
Шарттар, облигациялар шығарылымының проспектісі. |
|