RU

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы құру туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан халқына жолдау шеңберінде айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірледі.

Бағдарлама шеңберінде Бағдарламаның операторы болып табылатын акционерлік қоғам нысанында Ұлттық банктің еншілес ұйымын құру көзделген.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №130 Қаулысымен «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы құру туралы шешім қабылданды.

Ұлттық банктің 2019 жылдың 25 желтоқсан күнгі №19/9 шешімімен, от 25 декабря 2019 года, «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы өзіне «Баспана» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы қосылуы арқылы қайта құрылды.