RU
программа обеспечения долгосрочной тенговой ликвидности

«Қарапайым заттар экономикасы» – экономиканың басым жобаларын қаржылай қолдау бағдарламасы

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберіндегі тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2018 жылдың 11 желтоқсанында Басым жобаларды кредиттеу және қаржылық лизинг ұсыну («Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы) тетігін бекітті.

Тетікке сәйкес Ұлттық Банк БЖЗҚ және Қазақстанның орнықтылық қорының қаражаты есебінен Екінші деңгейлі банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облигацияларын сатып алу арқылы оларды қаржыландырады.

2018 — 2023 жылдары Ұлттық Банк тарапынан Екінші деңгейлі банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жеке кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды.

Екінші деңгейдегі банктер тартылған қаражатты агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу және қайта өңдеу, өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету сияқты бағыттар бойынша басым жобаларды қаржыландыруға жұмсайды. Бағдарламаны іске асыруға баланстық меншікті капиталының мөлшері 50 миллиард теңгеден асатын ірі банктер ғана қатыса алады.

Қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесін төмендету үшін мемлекет осы тетіктің талаптары бойынша берілген банктік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды.