RU

Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы

Дағдарыстық құбылыстар кезеңінде мемлекет барлық қаржы жүйесінің және экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында банктерге қолдау көрсетуге мүдделі. Осыған байланысты ҚР Президенті банк секторын қалпына келтіру бойынша шаралар кешенін қабылдауды тапсырды. Бұл шараларды уақтылы қабылдамау экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуде қажетті болатын экономикалық делдал ретіндегі банктерге деген сенімділікті төмендетуі мүмкін.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары:

  1. банк секторындағы тәуекелдердің ертерек алдын алу үшін қадағалау процесінің тиімділігін арттыру;
  2. акционерлерімен ортақ банктерді үстеме капиталдандыру және банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  3.  экономиканың нақты секторын кредиттеуді қалпына келтіру;
  4. экономика мен халыққа банктік қызметті үздіксіз көрсету;
  5. ықпалдасу процестерінің шегінде (ДСҰ және ЕЖК) банк секторының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Банк секторының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік шаралар үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  1. қадағалауға ден қоюдың сапасы мен шұғылдығын арттыру үшін реттеу және қадағалау ортаны өзгерту;
  2. жүйе құраушы банкті сауықтыру;
  3. ірі банктерді үстеме капиталдандыру бойынша шаралар.

Мемлекет қаражатының ақылылығы, мерзімділігі және қайтарымдылығы, банктердің ерікті қатысуы және банк акционерлерінің ортақ жауапкершілігі бағдарламаның негізгі қағидаттары болып табылады.

Банктер акционерлерінің ортақ қатысу қағидаттарымен банктерді қалпына келтіруге және капиталдандыруды өсіруге арналған жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банктің инвестициялары есебінен мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы Бағдарламаның операторы болып табылады және ол банктің реттеуіш капиталының құрамына енгізуге арналған өлшемшарттарға сәйкес келетін реттелген борыш талаптарымен ақшалай қаражатты ұсына отырып, банктерді қаржылық қолдау тетігін іске асырады.

Банктердің меншікті капиталдарының ұлғаюы банктердің жұмыс істемейтін активтерін төмендетумен бірге банктердің экономиканың нақты секторын кредиттеуін қолдайды.

Бағдарламаны іске асырудың нәтижелері бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, экономика субъектілері үшін банк операциялары құнының төмендеуі күтіледі.