Бос жұмыс орындары
|
Лауазым |
Тәуелсіз директор |
|
Жалпы талаптар |
1) Тәуелсіз директор лауазымына кандидат «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуелсіз директор анықтамасына сәйкес келуі тиіс; 2) Директорлар кеңесі мүшесінің функционалдық міндеттеріне, директорлар кеңесі комитеттеріне мүшелігіне, сондай-ақ талдамалық және коммуникативтік дағдыларына, командалық өзара іс-қимыл дағдыларына байланысты салаларда кәсіби дағдыларының болуы; 3) Директорлар кеңесінің тиісті комитетіне мүшелік етуі кезінде сараптамалық пікірді қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есеп және аудит, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және (немесе) адам ресурстарын басқару және корпоративтік басқару саласында білімі мен практикалық тәжірибеге ие болуы; 4) Қоғам қызметі туралы жалпы ақпаратты білуі, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қоғам қызметі саласын реттеу саласындағы заңнамасын түсінетінін көрсету; 5) Ұсынылатын ақпаратты талдай және объективті бағалай білу, заңдылық, әділдік және барлық мүдделі тараптарға тең көзқарас қағидаттары негізінде мәселе бойынша тәуелсіз ұстанымда болу. Өз пікірін білдіру және өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау қабілетіне ие болу; 6) Іскерлік және (немесе) салалық ортада мінсіз беделге және оң жетістіктерге ие болу; 7) Басқа заңды тұлғалардың 3 (үштен) көп директорлар кеңесіне мүше болмау. Келесі тұлға тәуелсіз директор лауазымына кандидат бола алмайды: 1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 2) бұрын мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органының басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері болып табылған. Көрсетілген талап мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады; 3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған. |
|
Біліктілік талаптары |
Білімі: жоғары экономикалық және (немесе) қаржылық және (немесе) заң білімі және (немесе) «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесі және (немесе) басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білім. Жұмыс тәжірибесі: жалпы жұмыс өтілі кемінде 7 (жеті) жыл, оның ішінде экономика және қаржы саласында кемінде 3 (үш) жыл. Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде және (немесе) басшы лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі. |
|
Функционалдық міндеттері |
Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесі мүшесінің функционалдық міндеттері. Жалдау нысаны: тәуелсіз директордың өкілеттіктерін жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсету туралы шарт. |
|
Байланыс жасайтын тұлға |
Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасының жетекші менеджері Алуа Жаксылыковна Курабаева Тел: 8 (727) 277-20-25, ішкі 7371 E-mail: aqparat@kfu.kz Тәуелсіз директор лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар aqparat@kfu.kz мекенжайына келесі құжаттарды жолдайды: 1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) білімі, жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттардың көшірмелері; 3) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама; 4) еркін нысанда жасалған ұсынымдар (құпталады). Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 23 қаңтарға дейін. |
