RU

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ KZ2C00006336 ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) KZ2C00006336 облигациялары бойынша екінші купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 2 550 000 000 теңге құрайды.

Купон бір облигацияға 85 теңге кіріс сомасымен үш жылдық облигациялар бойынша төленді. ҚОҚ облигациялары 8,5% жылдық купондық кірістілігімен 30 млрд теңге сомасына 2019 жылғы 26 желтоқсанда шығарылды. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару қорларының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Бұл ағымдағы қаржы жылында саны бойынша он екінші купондық сыйақыны төлеу болып табылатынын атап өткен жөн. 2021 жылы инвесторларға төленген купондық сыйақының жалпы сомасы – 71,35 млрд теңгеге жетті. Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ өтеген облигациялардың жалпы сомасы 320 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ-тың биржалық портфелі бір, екі, үші, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Желтоқсан 27, 2021