ҚОҚ ҚАРАША АЙЫНДА ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕУІН ЖАЛҒАСТЫРДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2026 жылдың қараша айында 30 млрд теңге сомасына бір жылдық облигация шығарылымын уақытылы өтеді. Инвесторларға төленген купондық сыйақы көлемі 3,75 млрд теңгені құрады.

ҚОҚ Қазақстан қор биржасында облигациялық бағдарламаны жалғастырып келеді. Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Қараша 9, 2026

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ИПОТЕКАНЫ ДЕЛДАЛДАРСЫЗ ЖӘНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕМЕЙ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ азаматтарға «7-20-25» Бағдарламасына қатысу үшін ипотекалық брокерлердің, кеңесшілердің және басқа да делдалдардың қызметіне жүгінудің қажеті жоқ екенін еске салады. Ипотекалық несие алуға өтінімді Бағдарламаға қатысушы банктер арқылы тікелей, өз бетінше және тегін беруге болады.

Қазіргі уақытта «7-20-25» Бағдарламасына қатысушы банктердің басым бөлігі өтінімдерді онлайн форматта қабылдауға көшкен. Процестерді автоматтандыру ипотеканы рәсімдеу тәртібін азаматтар үшін анағұрлым ашық әрі қолжетімді етті. Сонымен қатар кезек қалыптастыру және өтінімдерді қарау процесіне үшінші тұлғалардың араласу мүмкіндігін болдырмауға жағдай жасады. Осылайша, азаматтардың кезекке тұру, өтінімді қарауды жеделдету немесе банктердің қаржыландыру лимиттеріне қол жеткізу үшін үшінші тұлғалардың қызметіне ақы төлеуіне ешқандай қажеттілік жоқ. Мұндай ұсыныстар ипотеканы рәсімдеу кезінде қандай да бір артықшылық бермейді. Ипотекалық несие беру туралы шешімді тек банк қабылдайтынын атап өткен жөн. Бұл ретте қарыз алушының Бағдарлама талаптарына сәйкестігі, төлем қабілеттілігі және банктің ішкі несиелеу рәсімдері ескеріледі. Ешбір делдал ипотекалық несиенің міндетті түрде мақұлданатынына кепілдік бере алмайды.

Қазақстанның орнықтылық қоры азаматтарға Бағдарлама шарттарымен өз бетінше танысып, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің арасынан өзіне қолайлы баспананы таңдап, Бағдарламаға қатысушы банктердің біріне тікелей жүгінуді ұсынады. Өтінім беру тәртібі мен қолжетімді қызмет көрсету арналары туралы ақпаратты тек банктердің ресми дереккөздерінен алу қажет.

Еске сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасының негізгі шарттарына сәйкес жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7 пайызды, бастапқы жарна тұрғын үй құнының кемінде 20 пайызын құрайды, ал несиелеу мерзімі 25 жылға дейін белгіленген. Бұл ретте ипотекалық несие беру және оған қызмет көрсету үшін қарыз алушылардан комиссия алынбайды.

Бағдарлама шарттары туралы толық ақпарат baspana72025.kz ресми сайтында орналастырылған. Сондай-ақ +7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығынан кеңес алуға болады.

Posted by / Қараша 9, 2026

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫН 2027 ЖЫЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЛИМИТІ 100 МЛРД ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ БЕКІТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 114 қаулысына сәйкес «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) 2027 жылы қаржыландыру көлемі 100 млрд теңгеге дейінгі сомада белгіленді. Тоқсан сайынғы қаржыландыру көлемі 25 млрд теңгеден аспайды.

Аталған қаражат «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-ның (бұдан әрі – Қор) екінші деңгейдегі банктерден Бағдарлама аясында 2027 жылы берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын сатып алуына көзделген. Бағдарлама операторы ретінде Қор оның талаптарына сәйкес берілген қарыздар бойынша талап ету құқықтарын белгіленген лимит шегінде сатып алады. Банктер ипотекалық кредиттерді өз қаражаты есебінен береді, содан кейін Қор сол кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алады. Банктерді алдын ала қаржыландыру көзделмеген.

Еске сала кетейік, Бағдарлама бастапқы нарықтан пайдалануға берілген тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Негізгі шарттары: номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7%, бастапқы жарна – сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы, кредиттеудің ең ұзақ мерзімі – 25 жыл. Бағдарламаға бір рет қана қатысуға болады. Бағдарламаның серіктестері – Қазақстан Халық Банкі, Банк ЦентрКредит, Фридом Банк Қазақстан, Bank RBK, Altyn Bank, Еуразиялық банк және ForteBank.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері жалпы сомасы 1,26 трлн теңгеге 87 мыңнан астам ипотекалық кредит берілді. Бағдарлама шарттары туралы толық ақпаратты baspana72025.kz сайтынан және +7 (727) 227-20-25 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

Posted by / Қараша 3, 2026

ҚОҚ 9,66 МЛРД ТЕҢГЕГЕ БІР ЖЫЛДЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2026 жылдың қазан айында жалғыз бір жылдық облигация шығарылымын уақытылы өтеді. Өтелген облигациялардың жалпы сомасы 9,66 млрд теңгені құрады.

ҚОҚ Қазақстан қор биржасында облигациялық бағдарламаны жалғастырып келеді. Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Қазан 5, 2026

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ III ТОҚСАНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

2026 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша «7-20-25» бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) аясында 74,9 млрд теңге сомаcына 3 696 ипотекалық қарыз берілді. Бағдарлама басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1 249,1 млрд теңгеге 86 851 несие берілді.

Оның ішінде Астанада 522 млрд теңгеге 31 942 несие, Алматыда – 309,3 млрд теңгеге 18 919 несие, Шымкентте – 95,9 млрд теңгеге 6 932 несие, Қарағанды облысында – 75,8 млрд теңгеге 5 705 несие, Ақтөбе облысында – 31,8 млрд теңгеге 3 248 несие, Ақмола облысында – 31,7 млрд теңгеге 3 111 несие берілді.

2025 жылғы 26-шы қыркүйектен бастап сатып алынатын тұрғын үйдің шектік бағасы ұлғайтылды. Астана, Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтарында, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін, Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін көтерілді.

Еске салайық, 2023 жылдан бастап Бағдарламада 100 млрд теңге көлемінде кредиттеу лимиті бекітілді. Бағдарламаның операторы, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды. Бағдарлама бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. Әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақханалардағы бөлмелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 ай ішінде қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) меншік құқығында тұрғын үй болмауы тиіс.

«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: ЦентрКредит Банкі, Халық Банкі, Freedom Finance Қазақстан Банкі, РБК Банкі, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank.

Бағдарламаның шарттары туралы ТОЛЫҒЫРАҚ

Posted by / Қазан 1, 2026

ӨТЕЛГЕН ҚОҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ 2,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2026 жылдың қыркүйек айында үш облигация шығарылымын уақытылы өтеді. Өтелген облигациялардың жалпы сомасы 59,7 млрд теңгені құрады.

ҚОҚ Қазақстан қор биржасында облигациялық бағдарламаны жалғастырып келеді. Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Қыркүйек 28, 2026

FITCH ЖЕТІНШІ РЕТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ РЕЙТИНГІН ЕЛДІҢ ЕГЕМЕНДІК РЕЙТИНГІ ДЕҢГЕЙІНДЕ РАСТАДЫ

Халықаралық Fitch Ratings рейтингтік агенттігі «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) шетел және ұлттық валюталардағы ұзақ мерзімді рейтингтерін «Тұрақты» болжаммен «BBB» деңгейінде растады. Рейтинг 2026 жылғы 6 тамызда расталды.

ҚОҚ тұрақты балансы мен резервтерінің елеулі көлемінен көрінетін берік қаржылық бейінін сақтап отыр. Қор рейтингінің расталуы Fitch агенттігінің мемлекетпен байланысты ұйымдарды рейтингтеу критерийлеріне (Government-Related Entities, GRE) сәйкес Қазақстан Республикасы (BBB/Тұрақты) тарапынан ҚОҚ-қа қолдау көрсетілу ықтималдығын «іс жүзінде сөзсіз» деп бағалайтынын көрсетеді.

Мұндай бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) Қор қызметіне көрсететін қолдауымен, сондай-ақ ҚОҚ-тың қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі және субсидияланатын ипотекалық кредиттеу бағдарламасын іске асырудағы маңызды рөлімен негізделген. Соның нәтижесінде ҚОҚ рейтингтері Қазақстанның егемендік рейтингтерімен теңестірілген.

2020 жылғы 11 ақпаннан бері Fitch Ratings ҚОҚ рейтингін осымен жетінші рет Қазақстанның егемендік рейтингі деңгейінде растады.
ҚОҚ-тың рейтингтік мәртебесі туралы толық ақпарат – Fitch Ratings агенттігінің ресми сайтында.

Posted by / Тамыз 11, 2026

ҚОҚ 25 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ҮШ ОБЛИГАЦИЯ ШЫҒАРЫЛЫМЫН ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2026 жылдың шілде айында үш облигация шығарылымын, оның ішінде қалқымалы мөлшерлемесі бар үш жылдық құнды қағаздарды уақытылы өтеді. Өтелген облигациялардың жалпы сомасы 25 млрд теңгені құрады.

ҚОҚ Қазақстан қор биржасында облигациялық бағдарламаны жалғастырып келеді. Қазіргі таңда өтелген облигациялардың ортақ сомасы 2 трлн теңгеден асып отыр.

Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Шілде 15, 2026

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 2025 ЖЫЛДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІН ҰСЫНАДЫ

2025 жылы Қор алдына қойылған барлық стратегиялық міндеттерді табысты іске асырып, сондай-ақ өткен жылдар үшін Жалғыз акционерге 371,3 млрд теңге мөлшерінде дивиденд төледі. 2025 жылғы 11 қарашада Fitch Ratings рейтингтік агенттігі «ҚОҚ» АҚ эмитентінің ұзақмерзімді дефолт рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BBB» деңгейінде растады. Бұл Қордың сенімділігін және оның ҚР Ұлттық Банкімен берік байланысын көрсетеді.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бағыты аясында Қор екінші деңгейлі банктердің негізгі көрсеткіштеріне тұрақты мониторинг жүргізеді. Бұл жекелеген институттардың да, жалпы сектордың да даму динамикасын дер кезінде бағалауға мүмкіндік береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Екінші деңгейлі банктердің қаржылық тұрақтылығы бағдарламасына қатысушы банктердің жиынтық активтері 11%-ға, ал жиынтық меншікті капиталы 17%-ға ұлғайды. Бұл ретте есепті кезеңде банктер аталған Бағдарлама бойынша 318,6 млрд теңге көлеміндегі қаражатты мерзімінен бұрын өтеді.

Қор ішкі бағалы қағаздар нарығында сенімді эмитент мәртебесін сақтап отыр. 2025 жылы 407 млрд теңге сомасына облигациялар орналастырылды, ал бұрын шығарылған міндеттемелерді өтеу көлемі 609 млрд теңгені құрады. Бұл жоғары өтімділікті және инвесторлар алдындағы міндеттемелердің мінсіз орындалуын көрсетеді.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына сәйкес 1 746 қарыз алушының 28,2 млрд теңге сомасындағы ипотекалық қарыздары қайта қаржыландырылды. Бұл күрделі қаржылық жағдайға тап болған азаматтарға елеулі қолдау көрсетіп, олардың жалғыз баспанасын сақтап қалуына және борыштық жүктемесін төмендетуге ықпал етті.

«7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасы аясында 5 562 азаматқа 100 млрд теңге сомасында қарыз берілді. Бұл олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік беріп, құрылыс саласының дамуына қосымша серпін берді.

Жеңілдетілген автокредиттеу бағдарламасы бойынша 1 295 қазақстандыққа отандық өндірістегі жаңа автокөліктерді сатып алуға 12,6 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру ұсынылды. Бұл ұлттық автопромның дамуына қосымша қолдау көрсетіп, елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етті.

Қорытындысында, 2025 жылы Қор оң қаржылық нәтижелер көрсетті. Таза пайда 20 млрд теңгені, ал ROA және ROE рентабельділік көрсеткіштері тиісінше 0,54% және 0,76%-ды құрады. Қор өз қызметінде тұрақты даму, корпоративтік басқару және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын жүйелі түрде ұстанады.

Қордың 2025 жылғы Жылдық есебімен ОСЫ ЖЕРДЕ танысуға болады.

Posted by / Шілде 7, 2026

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ II ТОҚСАНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

2026 жылдың I жартыжылдығында «7-20-25» бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) аясында 49,96 млрд теңге сомаcына 2 465 ипотекалық қарыз берілді. Бағдарлама басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1 124,1 млрд теңгеге 85 620 несие берілді.

Оның ішінде Астанада 513,4 млрд теңгеге 31 534 несие, Алматыда – 300,2 млрд теңгеге 18 486 несие, Шымкентте – 93 млрд теңгеге 6 796 несие, Қарағанды облысында – 73,6 млрд теңгеге 5 579 несие, Ақтөбе облысында – 31,7 млрд теңгеге 3 240 несие, Ақмола облысында – 31,4 млрд теңгеге 3 093 несие берілді.

2025 жылғы 26-шы қыркүйектен бастап сатып алынатын тұрғын үйдің шектік бағасы ұлғайтылды. Астана, Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтарында, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін, Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін көтерілді.

Еске салайық, 2023 жылдан бастап Бағдарламада 100 млрд теңге көлемінде кредиттеу лимиті бекітілді. Бағдарламаның операторы, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды. Бағдарлама бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. Әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақханалардағы бөлмелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 ай ішінде қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) меншік құқығында тұрғын үй болмауы тиіс.

«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: ЦентрКредит Банкі, Халық Банкі, Freedom Finance Қазақстан Банкі, РБК Банкі, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank.

Бағдарламаның шарттары туралы ТОЛЫҒЫРАҚ

Posted by / Шілде 2, 2026