«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) Қор Акционерінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 4 Шешімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қордың Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізгені туралы хабарлайды:
- Қордың Директорлар кеңесінің мынадай мүшелерінің өкілеттіктері мерзімнен бұрын 2020 жылғы 4 ақпаннан бастап тоқтатылды, атап айтқанда:
Даурен Абубакирович Мусиралиевтің;
Кульбану Серикхажиевна Мусаеваның.
- Қор Басқармасының мынадай мүшелерінің өкілеттіктері мерзімнен бұрын 2020 жылғы 4 ақпаннан бастап тоқтатылды:
Даурен Абубакирович Мусиралиевтің;
Гульнара Уалиевна Кирееваның;
Алмаз Кулмесханович Кудайбергеновтің.
- 2020 жылғы 5 ақпанда мынадай адамдар Қор Басқармасының мүшесі болып сайланды:
Ерболат Серікұлы Оспанов – Басқарманың Төрағасы;
Асқар Бауыржанұлы Әбішев – Басқарма Төрағасының орынбасары;
Арман Қайырбекұлы Усабаев – бас бухгалтер.
Өзгерістер «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының қайта ұйымдастырылуымен байланысты болды.