«7-20-25» бағдарламасы басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2023 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 923,3 млрд теңгеге 68 593 несие берілді. Оның ішінде Астанада 384,9 млрд теңгеге 24 583 несие, Алматыда – 210,4 млрд теңгеге 13 664 несие, Шымкентте – 63,6 млрд теңгеге 5 193 несие, Қарағанды облысында – 49,1 млрд теңгеге 3 976 несие, Ақтөбе облысында – 29,1 млрд теңгеге 3 029 несие берілді.
Еске салайық, 2023 жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша 100 млрд теңге көлемінде қаржыландыру лимиті бекітілді. Сома тоқсандар бойынша біркелкі бөлінеді. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Бағдарламаның серіктес банктері үшін 25 млрд теңге көлемінде үшінші тоқсанның лимиті күшіне енді.
Бағдарламаның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.
«7-20-25» бағдарламасы бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ғана ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.
«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: ЦентрКредит Банкі, Халық Банкі, Freedom Finance Қазақстан Банкі, РБК Банкі, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank.
Бағдарламаның шарттары туралы толығырақ.