«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ II ТОҚСАНЫНДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2025 жылдың II тоқсаны қорытындысы бойынша «7-20-25» бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) аясында 25 млрд теңге сомаcына 1 429 ипотекалық қарыз берілді. Бағдарлама басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1 124,2 млрд теңгеге 80 450 несие берілді.

Оның ішінде Астанада 472,4 млрд теңгеге 29 479 несие, Алматыда – 268,1 млрд теңгеге 16 880 несие, Шымкентте – 78,7 млрд теңгеге 6 054 несие, Қарағанды облысында – 68 млрд теңгеге 5 243 несие, Ақтөбе облысында – 31,1 млрд теңгеге 3 199 несие, Ақмола облысында – 30,7 млрд теңгеге 3 045 несие берілді.

Еске салайық, 2023 жылдан бастап Бағдарламада 100 млрд теңге көлемінде кредиттеу лимиті бекітілді.

Бағдарламаның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.

Бағдарлама бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.

«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: ЦентрКредит Банкі, Халық Банкі, Freedom Finance Қазақстан Банкі, РБК Банкі, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank.

Бағдарламаның шарттары туралы ТОЛЫҒЫРАҚ

Posted by / Шілде 1, 2025