2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы аясында 24,4 млрд теңгеге 1 501 несие берілді. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 0,6 млрд теңге сомасындағы несиелік өтінімдер өңдеу сатысында тұр.
«7-20-25» бағдарламасы басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2023 жылғы 6 сәуірдегі жағдай бойынша 899,3 млрд теңгеге 67 137 несие берілді. Оның ішінде Астанада 373,6 млрд теңгеге 23 942 несие, Алматыда – 204,6 млрд теңгеге 13 340 несие, Шымкентте – 62,2 млрд теңгеге 5 117 несие, Ақтөбе облысында – 28,6 млрд теңгеге 2 981 несие, Ақмола облысына – 27,6 миллиард теңгеге 2 775 несие берілді.
Еске салайық, 2023 жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша 100 млрд теңге көлемінде қаржыландыру лимиті бекітілді. Сома тоқсандар бойынша біркелкі бөлінеді. 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Бағдарламаның серіктес банктері үшін 25 млрд теңге көлемінде екінші тоқсанның лимиті күшіне енді.
Бағдарламаның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.
«7-20-25» бағдарламасы бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ғана ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.
«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: ЦентрКредит Банкі, Халық Банкі, Freedom Finance Қазақстан Банкі, РБК Банкі, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank.
Бағдарламаның шарттары туралы толығырақ.