«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

«7-20-25» бағдарламасы өз жұмысын жалғастыруда. 2023 жылға лимит 100 млрд теңге болып бекітілді.

2018 жылдан бастап қолданылып жүрген механизмге сәйкес, банктер өз ішкі құжаттарына сай қарыз алушының Бағдарламаға сәйкестігін, оның төлеп қабілеттілігін бағалайды және несие береді.

Бағдарламаның операторы «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктер берген кредиттерді сатып алу жолымен жұмыс істейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тек бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ғана несие беріледі. Айта кету керек, құрылысы аяқталмаған тұрғын үйді алдын-ала брондау азаматқа «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие алады дегенге ешқандай кепілдік бермейді.

Қазіргі уақытта азаматтардың көпшілігі серіктес банктерге тұрғын үй әлі таңдалмаған немесе пайдалануға берілмей тұрса да жүгінуде. Бұл банктерде негізсіз кезектің пайда болуына әкеліп соқты. Және екінші деңгейлі банктердің скоринг жүйесіне ауыр салмақ түсіруде.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ азаматтардан таңдаған тұрғын үй пайдалануға берілген жағдайда ғана банктерге жүгінуді сұрайды.

Сондай-ақ, азаматтар «7-20-25» бағдарламасына бір рет қана қатыса алатынын атап өтеміз. Яғни, егер азамат бұған дейін азамат осы бағдарлама бойынша жылжымайтын мүлікті сатып алған болса, оның жаңа өтінімі мақұлданбайды. Бағдарлама шарттары туралы толығырақ ақпаратты https://baspana72025.kz сайтынан білуге ​​болады.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ мәліметі бойынша, 2023 жылдың басынан бері 10 ақпанға дейін «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілген несиелердің жалпы сомасы 11,2 млрд теңгені құрайды. Кредит серіктес банктер: Банк ЦентрКредит, Халық Банкі, Банк Freedom Finance Қазақстан, РБК Банк, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank арқылы берілген.

Posted by / Ақпан 10, 2023