«7-20-25»: ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІ БЕРУ ҚАРҚЫНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛДІ

Мамыр айының соңынан бастап «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша ипотекалық несиелер беру қарқыны қалпына келді. Бүгінде олар карантин басталмай тұрғандағы деңгейіне жетіп отыр. Ол – аптасына орта есеппен 600 несие немесе 4 – 4,5 млрд теңге. Қарқынның қалпына келуі халыққа қызмет көрсету орталықтары, нотариустар, сатушылар мен құрылыс компаниялары, банктер жұмысындағы шектеулерді алып тастауға байланысты болды.

Төтенше жағдай және карантин кеінде, наурыз айының ортасы мен сәуір айлары аралығында «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша берілген ипотекалық несиелер көлемі 2 есеге азайып кеткен еді. Карантиндік шаралар қолданылған кезеңді ескерсек, осы жылдың 5 айында банктер жалпы сомасы 94 млрд теңге болатын 9 мыңнан астам ипотекалық несие берген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1500 несиеге немесе 21 млрд теңгеге артық.

Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып, 2018 жылдың шілдесінде өз жұмысын бастады. Ресми табысы бар, атында үйі жоқ, басқа ипотекалық несиесі жоқ кез-келген Қазақстан азаматы ипотека алу үшін 8 банкке жүгіне алады. «7-20-25» бағдарламасы іске қосылғаннан кейін, 2018 жылдың қазан айында, тұрғындар өтінішін ескере отырып, қолданыста болған тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік беретін «Баспана Хит» бағдарламасы ашылды. Екі бағдарламаны Халық банкі, Сбербанк, ЦентрКредит банкі, АТФБанк, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jysan bank және ForteBank сынды 8 қаржы ұйымы іске асырады. Оператор – Қазақстанның орнықтылық қоры.

Бүгінгі таңда, 40 мыңнан астам отбасы «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары арқылы үйлі болды. Оларға берілген несие көлемі 388 миллиард теңгеге жетті.

Posted by / Маусым 22, 2020

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНЕ 160 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕР БЕРІЛДІ

Шағын және орта бизнесті 12 айға дейін жылдық 8% аспайтын мөлшерде жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Бағдарлама басталған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін банктер арқылы 1116 шағын және орта бизнес нысаны шамамен 160 млрд теңгеге несие алған. Несие алушылардың ішінде көтерме және бөлшек сауда, өндіріс және құрылыс саласы өкілдерінің үлесі басым.

Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясының ел экономикасына тигізетін жағымсыз салдарын жоюға байланысты тапсырмасы бойынша қолға алынған болатын. Шағын және орта бизнесті, төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 600 миллиард теңге бөлді. Бағдарламаны Қазақстанның орнықтылық қоры Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және елдегі ірі 12 банкпен бірлесіп жүзеге асырып отыр.

Posted by / Мамыр 25, 2020

«7-20-25» ЖӘНЕ «БАСПАНА ХИТ» БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ 7 МЫҢНАН АСТАМ ҚАТЫСУШЫСЫ ТӨЛЕМДЕРДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ ҮШІН БАНКТЕРГЕ ЖҮГІНДІ

Елде төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларының 6887 клиенті үшін жалпы сомасы 2 млрд теңгеден асатын ай сайынғы төлемдер кейінге қалдырылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі коронавирустық пандемия салдарынан қиын жағдайға тап болған қарыз алушыларға қолдау көрсету мақсатында ипотекалық несиелердің төлемдерін шегеруге шешім қабылдаған болатын.  Шегеру негізгі қарызды және (немесе) сыйақыларды айыппұлдар мен өсімпұлдарсыз кейін өтеуді көздейді және қарыз алушылардың несиелік тарихын бұзбайды. Банктер төлемдерді кейінге қалдыру бойынша азаматтар өтінішін 2020 жылдың 15 маусымына дейін қабылдайды.

Ұлттық банктің ипотекалық бағдарламалары бойынша бүгінгі күні 38 065 отбасы үйлі болды. Оның ішінде 14 824 несие «7-20-25» бағдарламасы бойынша, 23 241 несие «Баспана хит» бағдарламасы бойынша берілді.

Posted by / Мамыр 18, 2020

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАРАҒАНДЫ ҮШІН САТЫП АЛЫНАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚҰНЫ 20 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҰЛҒАЙТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен Қарағанды қаласында «7-20-25» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде сатып алынатын тұрғын үйдің шекті құны 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл – өңірдегі Бағдарламаның мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықтың  ипотекалық кредиттеу тетігі арқылы сатып алуы үшін қолжетімді бастапқы тұрғын үйлердің санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Тұрғын үйдің ең жоғары құнын өзгерту жөніндегі шешімге Қарағанды облысында байқалатын қажеттіліктің өсуі себепші болды. Атап айтқанда, Қарағандыда Бағдарлама қарыз алушыларының жартысына жуығы (47%) тұрғын үйді құнның ең жоғары лимиті бойынша 15 млн теңгеге сатып алған. Жалпы, Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері Қарағанды қаласында 7,2 млрд теңге сомасына ипотекалық несиелер берілді.

Осылайша, Бағдарламаға өзгерістер енгізілгеннен кейін Нұр-Сұлтан, Алматы (қала маңындағы аймақтарды қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны 25 млн теңге, Қарағанды қаласында – 20 млн теңге, қалған өңірлерде 15 млн теңгені құрайды.

Бағдарламаны іске қосылғалы бері Қазақстан бойынша 15 000 отбасы 175 млрд теңге жалпы сомасына баспана сатып алды.

Posted by / Мамыр 13, 2020

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АЛАҢЫНА АУЫСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясының шешімімен «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасының операторы – Қазақстанның орнықтылық қорынының (бұдан әрі – ҚОҚ) облигациялары KASE ресми тізімінің «Балама» алаңынан «Негізгі» алаңына ауыстырылды. Бұл ҚОҚ облигацияларының биржалық қаражат тарту бойынша оң тәжірибесі бар ірі және орнықты қаржы компаниялардың алаңдарына еңгізілгенін білдіреді.

Компанияларды тізімнен тізімге ауыстыру компанияның және оның бағалы қағаздарының ресми тізімнің өлшемшарттарына сәйкестігін қадағалап отыратын KASE тәуелсіз шешімінің негізінде жүргізіледі.

Биржада орналастырылған ҚОҚ облигацияларының жалпы сомасы 2020 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша шамамен 400 млрд. теңге құрайды. Тартылатын қаражатты компания «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыруға жұмсайды.

ҚОҚ облигацияларының шығарылымдары бойынша төлемдер бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Мәселен, ағымдағы жылғы сәуір айының басында ҚОҚ облигацияларды 108,5 млрд. теңге сомасына өтеді. Оның ішінде купондық сыйақының мөлшері 8,5 млрд. теңгені құрады.

Posted by / Мамыр 11, 2020

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ӨЗ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ҰСТАУШЫЛАРҒА 108,5 МЛРД ТЕҢГЕ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ («BBB» / «Тұрақты» болжам, Fitch, бұдан әрі – ҚОҚ) өз облигацияларын өтеу мақсатында құнды қағаздардың ұстаушыларына жалпы сомасы 108,5 млрд теңгені уақтылы және толықтай төледі. Оның ішінде купондық сыйақы 8,5 миллиард теңгені құрайды.

Облигацияларды өтеу орташа мөлшерлемесі жылдық 9,9% бойынша орналастырылған үшінші облигация шығарылымы аясында өтті.

ҚОҚ «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын нарықтық тетіктер арқылы қаржыландырып отыр. Ол үшін Қазақстан қор биржасында облигацияларды орналастыру арқылы қаржы көздері тартылады. Қазіргі таңға дейін осы мақсатта орналастырылған облигациялардың жалпы сомасы 370,3 млрд теңгені құрап отыр. Облигациялардың бес траншы жарық көрді. Төлемдер бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді.

Posted by / Сәуір 6, 2020

«БАСПАНА ХИТ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ ӨЗГЕРДІ

«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасының жылдық ставкасы бүгіннен бастап 11,25% дейін төмендетілді. Мөлшерлеменің өзгеруі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2020 жылғы 6 сәуірден бастап базалық мөлшерлемені 9,5% дейін төмендетуіне байланысты. Естеріңізге сала кетейік, ипотекалық бағдарламаның сыйақы мөлшерлемесі Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне байланған (+ 1.75%).

Ставканың несие шартын жасасу кезінде бекітілетінін ескерсек, өзгерістер бағдарламаның жаңа клиенттеріне ғана әсер етеді. Қолданыстағы несиелер бойынша мөлшерлеме қайта қарастырылмайды және келісімшарт шарттары өзгеріссіз қалады.

6 сәуірдегі жағдай бойынша 22 742 қазақстандық отбасы «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша үйлі болған. Берілген несиелердің жалпы сомасы 184 млрд теңгені құрап отыр.

Posted by / Сәуір 6, 2020

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН КРЕДИТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Қазақстанның 12 банкі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын қолдап, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық ахуалы төмендеген шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске асыруға кірісті. Жалпы алғанда, бұл бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық Банк 600 миллиард теңге бөлді.

Ұлттық Банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп әзірлеген бағдарламаға сәйкес шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ дара кәсіпкерлер айналым капиталын толықтыру үшін жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлеме (ЖТСМ 8,3%-дан бастап) бойынша 12 ай мерзіміне кредит алуға банктерге өтініш жасай алады.

Бизнес қарыз қаражатын тауарларды және өзге де материалдық құндылықтарды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға; қорларды, шығыс материалдары мен шикізатты толықтыруға; ассортиментті кеңейтуге; шарттық міндеттемелерді орындауға; ағымдағы шығыстарды, оның ішінде әкімшілік шығыстарын жүзеге асыруға, мысалы, қызметкерлерге жалақы төлеуге, салықтар төлеуге және т.б. жұмсай алады.

Кәсіпкерлер кредиттік желілер шеңберінде жаңа қарыздар не жаңа қаржыландыру ала алады.

Жеке кәсіпкер үшін белгіленген лимит 50 млн теңге, ал шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін 3 млрд теңгені құрайды.

Бұл ретте, жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы ешқандай салалық шектеулерді көздемейді.

Қарыз талаптарын бұзғаны және (немесе) өзгерткені үшін өндіріп алынатын комиссияларды қоспағанда, бағдарлама шегінде қарызды бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссия алынбайды.

Төменде көрсетілген жағдайлар: төтенше жағдай режимі кезеңінде және ол тоқтатылғаннан кейінгі 2 ай ішінде өткізілген тауарлардың және (немесе) қызметтердің көлемінің азаюы, сатып алушылар тарапынан төлемдердің кешіктірілуі, қызметкерлердің штат санының қысқаруы жеңілдетілген несие алуға себеп бола алады.

 

Қарыз алу үшін қажетті негізгі құжаттар тізбесі

 

–  Кепілгердің (жеке тұлға) жеке басын куәландыратын құжат;

– Құрылтай құжаттарының топтамасы;

– Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, не тіркеу есебіне алынғанын растайтын өзге құжат;

– Қол қоюдың үлгілері және мөр бедерінің үлгісі бар (мөр – болған кезде) құжат;

– Уәкілетті органның қаржыландыруды тарту туралы шешімі;

– Соңғы есепті жылдың қаржылық есептілігі;

– Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болуын немесе болмауын растайтын құжат;

– Басқа банктерде несиелік берешектің болмауы/болуы туралы мәліметтер;

– Кепіл (кепілдік қарыздар) бойынша құжаттардың топтамасы.

– Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық ахуалының нашарлауы туралы ақпарат.

Толық құжаттар топтамасы мен құжаттарды қабылдау арналарының жаңартылған тізімін банктерден нақтылау қажет.

  1. Jysan Bank – сall center 7711;
  1. Альфа Банк – сall center 2510, WhatsApp тәулік бойы +7 771 936 11 11;
  1. ВТБ – +7(727)330-50-50, ұялы телефонынан 5050;
  1. Нұрбанк – сall center 2552;
  1. Сбербанк – 8 8000 80 60 60 – Қазақстанның барлық өңірлері үшін (тегін желі); 5030 – Қазақстанның мобильді операторлары үшін (тегін желі); Сервис және өнімдер бойынша жүгіну – post@sberbank.kz;
  1. Bank RBK –  сall center 7888 (тегін);
  1. Forte Bank – сall center 7575. Банктің ТЖ режиміндегі жұмысы туралы ақпарат және жаңалықтар арнайы парақшада жаңартылып отырады https://forte.kz/covid19;
  1. Халык Банк – сall center 9595;
  1. АТФБанк – сall center 2424, онлайн чат WhatsApp 9:00-ден 21:00-ге дейін (+7 705 776 88 62);
  1. ЦентрКредит Банкі – +7 (727) 244 30 44, 605 – ұялы телефон арқылы тегін;
  1. Еуразиялық банк – e-mail: contactcenter@eubank.kz; Skype: skype.eubank.kz; мобильді нөмірлер: Beeline +7 (771) 000 77 22; Tele2-Altel +7 (700) 000 77 22; ActivKcell +7 (702) 000 77 22;
  1. Алтын Банк +7 (727) 356 57 77, +7 771 330 57 77 WhatsApp арқылы.
Posted by / Сәуір 2, 2020

«7-20-25» ЖӘНЕ «БАСПАНА ХИТ» БАҒДАРЛАМАЛАРЫ АЯСЫНДА ТӨЛЕМ ШЕГЕРІМДЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТ

2020 жылдың 16 наурызы мен 15 маусымы аралығында «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының қарыз алушылары банкке негізгі қарыз мен сыйақы төлеу мерзімін кейінге қалдыру үшін қашықтықтан жүгіне алады. Ол үшін 8 серіктес банкке – Банк ЦентрКредит, Сбербанк, Халық Банк, АТФБанк, Forte Bank, Еуразиялық банк, Jysan Bank және Bank RBK хабарласу қажет.

Кредиттік шегерімді келесі себептер бойынша алуға болады: • жалақысы сақталмайтын демалыста болу, жұмыссыз қалу, еңбек шартын бұзу және басқа еңбек қатынастарын тоқтату;
• жалақыны немесе басқа кірісті төлеуді қысқарту немесе тоқтата тұру;
• төтенше жағдай және (немесе) карантин жарияланған аумаққа кіруге (шығуға) байланысты шектеулер әсерінен қызметкер жұмыс орнында бола алмаса;
• қаржылық жағдайдың нашарлауын көрсететін басқа себептер. Клиент қаржылық жағдайының нашарлау себептерін көрсетіп, еркін түрде өтініш жазып, сол өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты сканерлеп немесе суретке түсіріп, өзіне несие берген банкке интернет арқылы жіберуі керек. Бұл жерде одан бөлек құжаттар, мысалы, жұмыс орнынан анықтама талап етілмейді.

Банктер өтінішті 10 жұмыс күні ішінде қарайды. Егер жеке тұлғаның қаржылық жағдайының нашарламағаны туралы ақпарат болса, банк шегерім беруден бас тарта алады. Төлемдерді тоқтаған кезде қарызды талап қою жұмыстары жүргізілмейді. Банктер берешекті өтеу қажеттілігі туралы клиенттерге хабарлама жібермейді.

Төтенше жағдай кезіндегі төлемдер шегерімі несие тарихын нашарлатпайды немесе бұзбайды. «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша банктер шегерімнің мына түрлерін қолдана алады:
1. төленбай қалған сома несиенің қалған мерзімінде біркелкі төленеді;
2. несие мерзімі төленбай қалған мерзімге ұзарады;
3. Төленбай қалған сома несие мерзімі аяқталар соңғы 3-6 айға біркелкі бөліп беріледі;
4. Шегерім мерзімі аяқталғанда қарыз толықтай төленеді.

Банк Шегерім тәртібі Байланыс құралы
Bank RBK Өтінімді www.rbk24.kz/social-help мекен-жайы бойынша немесе info@bankrbk.kz электрондық поштасына қабылдайды. Өтінімді қабылдағаннан және өңдегеннен кейін банк маманы клиентпен көрсетілген телефон нөмірімен байланысады. Пошта info@bankrbk.kz
Колл-орталық 7888
Еуразиялық банк Өтінімді www.eubank.kz веб-сайтында «Төтенше жағдайға байланысты (коронавирус) несиені кейінге қалдыру» бөлімінде қабылдайды. Сайт www.eubank.kz

Колл-орталық

Қалалық нөмір: +7 (727) 332-77-22
Beeline +7 (771) 000 77 22
Tele 2/Altel +7 (700) 000 77 22
Kcell/Aktiv +7 (702) 000 77 22

АТФБанк Өтінімді www.atfbank.kz/support/otsrochka сайты арқылы қабылдайды www.atfbank.kz/support/otsrochka сайты

Колл-орталық:
2424 – ұялы телефоннан
8 8000 800 283 – қалалық нөмір

Jýsan Bank Өтінімді info@jysanbank.kz поштасы, Jýsan мобильді қосымшасы арқылы қабылдайды info@jysanbank.kz поштасы

Jýsan мобильді қосымшасы
Колл-орталық 7711
8 800 080 25 25

Forte Bank Өтінімді Forte Bank интернет-банкингі мен мобильді қосымшасы арқылы қабылдайды. Forte Bank интернет-банкингі мен мобильді қосымшасы
Колл-орталық 7575
Халық Банкі Өтінімді www.halykbank.kz сайтында қабылдайды www.halykbank.kz сайты
Колл-орталық 7111
Банк ЦентрКредит Өтінімді fres@bcc.kz поштасына қабылдайды fres@bcc.kz поштасы
Колл-орталық:
505 – ұялы телефоннан
8 (727) 244 30 30 – қалалық нөмір
Сбербанк Өтінімді  komek@sberbank.kz поштасына қабылдайды komek@sberbank.kz поштасы
Колл-орталық:
5030 – ұялы телефоннан
8 (727) 250 30 20 – қалалық нөмір
Posted by / Наурыз 30, 2020

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Басқармасы құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

Қоғамның Жалғыз акционерінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 11 шешіміне сәйкес:

  1. 2020 жылғы 5 наурыздан бастап Қоғам Басқармасының мүшесі Арман Каирбекович Усабаевтың өкілеттіктері мерзімнен бұрын тоқтатылды.
  2. 2020 жылғы 6 наурыздан бастап Қоғам Басқармасының мүшесі болып Басқарма Төрағасының орынбасары Рустем Елтаевич Кыдыков сайланды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қоғам Басқармасының құрамына мынадай адамдар кіреді:

  1. Ерболат Серикович Оспанов – Басқарманың Төрағасы;
  2. Аскар Бауржанович Абишев – Басқарма Төрағасының орынбасары;
  3. Рустем Елтаевич Кыдыков – Басқарма Төрағасының орынбасары;
  4. Александр Касымович Бейсембиев – Басқарушы директор;
  5. Анар Нуржановна Суанкулова – Қаржы директоры.
Posted by / Наурыз 10, 2020