«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) Қор Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

Қордың жалғыз акционерінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 8 шешіміне сәйкес 2020 жылғы 24 ақпаннан бастап:

  1. Қор Басқармасының құрамы 5 (бес) мүше санында белгіленді.
  2. Қор Басқармасының мүшесі болып мынадай адамдар сайланды:

Бейсембиев Александр Қасымұлы – басқарушы директор;

Суанкулова Анар Нұржанқызы – қаржы директоры.

Енгізілген өзгерістерді ескергенде Қор Басқармасының құрамына мынадай адамдар кіреді:

  1. Оспанов Ерболат Серікұлы– Басқарма Төрағасы;
  2. Әбішев Асқар Бауыржанұлы – Басқарма Төрағасының орынбасары;
  3. Усабаев Арман Қайырбекұлы– бас бухгалтер;
  4. Бейсембиев Александр Қасымұлы – басқарушы директор;
  5. Суанкулова Анар Нұржанқызы – қаржы директоры.
Posted by / Ақпан 27, 2020

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ KASE-ГЕ ШЫҚТЫ

Қазақстан қор биржасында (KASE) «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-тың (Fitch рейтингі «Тұрақты» болжамымен «ВВB» деңгейінде, бұдан әрі – ҚОҚ) 3 жылдық облигациялардың алғашқы орналастырылуы өтті. Сауда-саттық қортындысы бойынша жылдық 10,7 пайыз кірістілікпен инвесторлардан 16,4 млрд теңге тартылды. ҚОҚ облигацияларын жекеменшік инвесторлар – брокерлік ұйымдар, екінші деңгейдегі банктер және сақтандыру ұйымдары сатып алды.

Тартылған қаражат «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы мен «Баспана Хит» ипотекалық өнімін іске асыратын банктердің ипотекалық портфельдерін сатып алуға жұмсалатын болады.

Жалғыз акционер – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің шешімімен ҚОҚ-тың оған «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-ты біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылғанын еске саламыз. Осыған байланысты эмитент Баспанадан ҚОҚ-қа ауыстырылды.

ҚОҚ ипотекалық бағдарламаларды қаржыландыруды бекітілген индикаторлар бойынша жалғастыра бермек. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 трлн теңгеге ипотекалық қарыздар беру жоспарланған болатын. Қазір оның 150 млрд теңгеден астамы халыққа ипотека ретінде берілді. «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша 300 млрд теңгеге ипотека беру көзделген еді. Оның 160 млрд теңгесі игеріліп үлгерді. Бүгінге дейін қор нарығынан аталған ипотекалық бағдарламаларын іске асыруға 341,4 млрд теңге тартылған.

Posted by / Ақпан 21, 2020

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) Қордың Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

Қордың Жалғыз акционерінің 2020 жылғы 7 ақпандағы № 5 шешіміне сәйкес Қордың Директорлар кеңесінің құрамына мына адамдар сайланды:

  1. Оспанов Ерболат Серікұлы – Қордың Басқарма Төрағасы;
  2. Джованни Капаннелли – Тәуелсіз директор ретінде.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қор Директорлар кеңесінің құрамына мынадай адамдар кіреді:

  1. Біртанов Есжан Амантайұлы – Қор Директорлар кеңесінің Төрағасы;
  2. Оспанов Ерболат Серікұлы – Қор Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы;
  3. Джованни Капаннелли – Қор Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор).

Өзгерістер «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының қайта ұйымдастырылуына байланысты болды.

Posted by / Ақпан 14, 2020

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ FITCH РЕЙТИНГІН АЛДЫ

Fitch Ratings «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-на (бұдан әрі – ҚОҚ) эмитент дефолтының ұзақмерзімді рейтингтерін (бұдан әрі – ЭДР) шетел және ұлттық валютада «Тұрақты» болжамымен «ВВВ» деңгейінде тағайындады. Fitch «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-тың (бұдан әрі – Баспана») рейтингтерін қайта ұйымдастырылуына байланысты кері қайтарып алды.

2019 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) шешімімен ҚОҚ және Баспана Баспананы ҚОҚ-қа біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылғанын еске саламыз.

«Fitch рейтингі ҚОҚ-тың Қазақстан Республикасымен тығыз байланыста екені туралы пікірін білдіреді  («BBB»/болжамы «Тұрақты»/«F2»). Мемлекетпен байланыстағы компанияларға рейтинг тағайындау әдіснамасына сәйкес Fitch «жоғарыдан-төменге» тәсілін қолданады және мемлекеттің ҚОҚ-қа қолдау көрсету қабілетін өте жоғары деп бағалайды. Агенттіктің байланыс деңгейін және қолдау көрсету үшін стимулдарды бағалауына қарай ҚОҚ-тың ЭДР-і Қазақстан Республикасының ЭДР-імен бір деңгейде тұр», – деп хабарлайды Fitch Ratings.

Ұлттық Банк бұған дейін хабарлағандай, қайта ұйымдастыру екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қайталанатын функцияларды біріктіру үшін жүргізілді. Енді қолданыстағы және жоспарланып отырған мемлекеттік бағдарламалар бір оператор – Қазақстанның орнықтылық қорында шоғырланатын болады.

Біріккен компания:

– екінші деңгейдегі банктерді қаржылық қолдау арқылы банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдем көрсету;

– «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын орындау бойынша жұмысын жалғастырады.

Posted by / Ақпан 12, 2020

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖӘНЕ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) Қор Акционерінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 4 Шешімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қордың Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізгені туралы хабарлайды:

  1. Қордың Директорлар кеңесінің мынадай мүшелерінің өкілеттіктері мерзімнен бұрын 2020 жылғы 4 ақпаннан бастап тоқтатылды, атап айтқанда:

Даурен Абубакирович Мусиралиевтің;

Кульбану Серикхажиевна Мусаеваның.

  1. Қор Басқармасының мынадай мүшелерінің өкілеттіктері мерзімнен бұрын 2020 жылғы 4 ақпаннан бастап тоқтатылды:

Даурен Абубакирович Мусиралиевтің;

Гульнара Уалиевна Кирееваның;

Алмаз Кулмесханович Кудайбергеновтің.

  1. 2020 жылғы 5 ақпанда мынадай адамдар Қор Басқармасының мүшесі болып сайланды:

Ерболат Серікұлы Оспанов – Басқарманың Төрағасы;

Асқар Бауыржанұлы Әбішев – Басқарма Төрағасының орынбасары;

Арман Қайырбекұлы Усабаев – бас бухгалтер.

Өзгерістер «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының қайта ұйымдастырылуымен байланысты болды.

Posted by / Ақпан 11, 2020

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ТУРАЛЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі  – Қор) Қордың Директорлар кеңесімен 2020 жылғы 31 қаңтарында Есжан Амантайұлы Біртановты Қордың директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданғандығы жайлы хабарлайды.

Posted by / Ақпан 3, 2020

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫН ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ

Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі  – Қор) Қордың жалғыз акционерімен 2020 жылғы 28 қаңтарында келесі шешім қабылданғандығы туралы хабарлайды:

  1. Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі Олжас Төлегенұлы Қизатовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
  2. Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі болып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Есжан Амантайұлы Біртанов сайлансын.
  3. Қордың сайланған Директорлар кеңесінің мүшесі Есжан Амантайұлы Біртанов өкілеттігінің мерзімі жалпы Қордың Директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімі аяқталғанға дейін белгіленсін.
Posted by / Ақпан 1, 2020

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АҚ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан ары – Қор) Қордың жалғыз акционерінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы оған жалғыз акционердің шешімімен қарастырылғын шарттары мен тәртібінде «Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамын біріктіру нысанында ерікті түрді қайта ұйымдастыру туралы шешімі қабылданғаны жайлы хабарлайды.

Posted by / Желтоқсан 30, 2019

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ даму жоспарына сәйкес мыналар жүзеге асырылады: екінші деңгейлі банктерді қаржылық қолдау арқылы банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесу; ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық) қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету.

Posted by / Шілде 30, 2019

О. СМОЛЯКОВ: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ВАЛЮТАЛЫҚ ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗДАРЫН ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімін ұзартуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков хабарлады.

«Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін барлық валюталық ипотекалық қарыз алушыларды Бағдарлама аясында барынша қамту мақсатында осы қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін, таратылып жатқан «Астана Банкі» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ банктеріндегі қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды», – деп хабарлады О. Смоляков. Ол қарыздар Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) бойынша теңгемен қайта қаржыландырылуға тиіс деп толықтырды.

Ұлттық Банк басшысының орынбасары Бағдарламаға енгізілген түзетулерді ескере отырып, қарыз алушылар 2019 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде қайта қаржыландыруға өтінішпен кредитор банкке жүгінулері қажет.

«2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға 64,9 млрд теңге сомасына 7 735 валюталық ипотекалық қарыз мақұлданды, 51,4 млрд теңге сомасына 6 283 валюталық ипотекалық қарыз қайта қаржыландырылды», – деп статистика келтірді О. Смоляков.

О. Смоляков Бағдарламаны Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тапсырмасымен 2015 жылдан бері іске асырып келе жатқанын да еске түсірді. 2004 – 2009 жылдардағы кезеңде банктер берген және жалғыз баспанамен қамтамасыз етілген қарыздарды қайта қаржыландыруға Ұлттық Банк 130 млрд теңге бөлді. Бөлінген қаражаттың толығымен игерілуіне байланысты қарыздарды қайта қаржыландыру бұған қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуге келіп түскен ақша есебінен жүзеге асырылуда. Мәселен, 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банктер Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға 165,9 млрд теңге сомаға 26 803 қарызды мақұлдаған, 148,3 млрд теңге сомаға 25 249 қарызды қайта қаржыландырды, қарыз алушылардың 51,3 млрд теңге сомаға сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша берешегі кешірілді.

Бағдарлама бойынша түсініктемелер мен консультацияларды Қазақстан Ұлттық Банкінің Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй мекенжайындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде, ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында, «Кері байланыс» нысаны арқылы ҚР Ұлттық Банкінің сайтынан алуға болады.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:
+7 (727) 278 81 04 (ішкі 5571, 5573),
+7 (727) 261 92 13
e-mail: Fingramota@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Posted by / Шілде 3, 2019