«BBB», БОЛЖАМ «ТҰРАҚТЫ»: FITCH АГЕНТТІГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ РЕЙТИНГІН РАСТАДЫ

Халықаралық Fitch Ratings агенттігі «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) бойынша эмитенттің ұзақмерзімді дефолт рейтингтерін («РДЭ») шетел және ұлттық валютада «BBB» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады. Рейтинг 2025 жылғы 11 қарашада елдің суверенді рейтингтері деңгейінде қайта қуатталды.

Fitch Ratings сарапшыларының мәлімдеуінше, рейтинг агенттіктің квазимемлекеттік компанияларды бағалау критерийлеріне сүйене отырып берілген.

«Берілген баға Ұлттық Банктің бақылауына және ҚОҚ-тың қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ипотекалық несиелерді субсидиялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі маңызды мемлекеттік миссиясына негізделген. Осыған байланысты ҚОҚ рейтингтері Қазақстанның суверенді рейтингтерімен теңестірілді», – деп жазады, Fitch Ratings сарапшылары.

Бұл 2020 жылдың 11 ақпанынан бері ҚОҚ рейтингінің суверенді деңгейде алтыншы рет расталуы.

ҚОҚ рейтингі туралы толық ақпарат – Fitch Ratings ресми сайтында

Posted by / Қараша 12, 2025