Fitch Ratings агенттігі кезекті рет «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) эмитентінің шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді дефолт рейтингін (ЭДР) «BBB» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады. Суверенді деңгейімен бір сатыдағы рейтинг 2024 жылдың 15 қарашасында расталған.
«ҚОҚ – Ұлттық банкпен тығыз байланыстағы ұйым. Ол жергілікті нарықтағы ірі әрі тұрақты эмитент болып табылады. Оның облигациялары жергілікті банктер мен басқа да реттелетін қаржы ұйымдарының капитал жеткіліктілігі коэффициенттерін есептеу кезінде нөлдік тәуекел коэффициентіне ие», – деп атап өтті, Fitch Ratings аналитиктері.
Бұл ҚОҚ рейтингінің ұлттық деңгейде 2020 жылдың 11 ақпанынан бастап осымен бесінші рет расталуы.
ҚОҚ-тың Fitch Ratings ресми сайтындағы мәртебесі