«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Басқармасы құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
Қоғамның Жалғыз акционерінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 11 шешіміне сәйкес:
- 2020 жылғы 5 наурыздан бастап Қоғам Басқармасының мүшесі Арман Каирбекович Усабаевтың өкілеттіктері мерзімнен бұрын тоқтатылды.
- 2020 жылғы 6 наурыздан бастап Қоғам Басқармасының мүшесі болып Басқарма Төрағасының орынбасары Рустем Елтаевич Кыдыков сайланды.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қоғам Басқармасының құрамына мынадай адамдар кіреді:
- Ерболат Серикович Оспанов – Басқарманың Төрағасы;
- Аскар Бауржанович Абишев – Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Рустем Елтаевич Кыдыков – Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Александр Касымович Бейсембиев – Басқарушы директор;
- Анар Нуржановна Суанкулова – Қаржы директоры.