«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) Қордың Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
Қордың Жалғыз акционерінің 2020 жылғы 7 ақпандағы № 5 шешіміне сәйкес Қордың Директорлар кеңесінің құрамына мына адамдар сайланды:
- Оспанов Ерболат Серікұлы – Қордың Басқарма Төрағасы;
- Джованни Капаннелли – Тәуелсіз директор ретінде.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қор Директорлар кеңесінің құрамына мынадай адамдар кіреді:
- Біртанов Есжан Амантайұлы – Қор Директорлар кеңесінің Төрағасы;
- Оспанов Ерболат Серікұлы – Қор Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы;
- Джованни Капаннелли – Қор Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор).
Өзгерістер «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының қайта ұйымдастырылуына байланысты болды.