2020 жылдың 16 наурызы мен 15 маусымы аралығында «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының қарыз алушылары банкке негізгі қарыз мен сыйақы төлеу мерзімін кейінге қалдыру үшін қашықтықтан жүгіне алады. Ол үшін 8 серіктес банкке – Банк ЦентрКредит, Сбербанк, Халық Банк, АТФБанк, Forte Bank, Еуразиялық банк, Jysan Bank және Bank RBK хабарласу қажет.
Кредиттік шегерімді келесі себептер бойынша алуға болады: • жалақысы сақталмайтын демалыста болу, жұмыссыз қалу, еңбек шартын бұзу және басқа еңбек қатынастарын тоқтату;
• жалақыны немесе басқа кірісті төлеуді қысқарту немесе тоқтата тұру;
• төтенше жағдай және (немесе) карантин жарияланған аумаққа кіруге (шығуға) байланысты шектеулер әсерінен қызметкер жұмыс орнында бола алмаса;
• қаржылық жағдайдың нашарлауын көрсететін басқа себептер. Клиент қаржылық жағдайының нашарлау себептерін көрсетіп, еркін түрде өтініш жазып, сол өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты сканерлеп немесе суретке түсіріп, өзіне несие берген банкке интернет арқылы жіберуі керек. Бұл жерде одан бөлек құжаттар, мысалы, жұмыс орнынан анықтама талап етілмейді.
Банктер өтінішті 10 жұмыс күні ішінде қарайды. Егер жеке тұлғаның қаржылық жағдайының нашарламағаны туралы ақпарат болса, банк шегерім беруден бас тарта алады. Төлемдерді тоқтаған кезде қарызды талап қою жұмыстары жүргізілмейді. Банктер берешекті өтеу қажеттілігі туралы клиенттерге хабарлама жібермейді.
Төтенше жағдай кезіндегі төлемдер шегерімі несие тарихын нашарлатпайды немесе бұзбайды. «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша банктер шегерімнің мына түрлерін қолдана алады:
1. төленбай қалған сома несиенің қалған мерзімінде біркелкі төленеді;
2. несие мерзімі төленбай қалған мерзімге ұзарады;
3. Төленбай қалған сома несие мерзімі аяқталар соңғы 3-6 айға біркелкі бөліп беріледі;
4. Шегерім мерзімі аяқталғанда қарыз толықтай төленеді.
Банк | Шегерім тәртібі | Байланыс құралы |
Bank RBK | Өтінімді www.rbk24.kz/social-help мекен-жайы бойынша немесе info@bankrbk.kz электрондық поштасына қабылдайды. Өтінімді қабылдағаннан және өңдегеннен кейін банк маманы клиентпен көрсетілген телефон нөмірімен байланысады. | Пошта info@bankrbk.kz Колл-орталық 7888 |
Еуразиялық банк | Өтінімді www.eubank.kz веб-сайтында «Төтенше жағдайға байланысты (коронавирус) несиені кейінге қалдыру» бөлімінде қабылдайды. | Сайт www.eubank.kz
Колл-орталық Қалалық нөмір: +7 (727) 332-77-22 |
АТФБанк | Өтінімді www.atfbank.kz/support/otsrochka сайты арқылы қабылдайды | www.atfbank.kz/support/otsrochka сайты
Колл-орталық: |
Jýsan Bank | Өтінімді info@jysanbank.kz поштасы, Jýsan мобильді қосымшасы арқылы қабылдайды | info@jysanbank.kz поштасы
Jýsan мобильді қосымшасы |
Forte Bank | Өтінімді Forte Bank интернет-банкингі мен мобильді қосымшасы арқылы қабылдайды. | Forte Bank интернет-банкингі мен мобильді қосымшасы Колл-орталық 7575 |
Халық Банкі | Өтінімді www.halykbank.kz сайтында қабылдайды | www.halykbank.kz сайты Колл-орталық 7111 |
Банк ЦентрКредит | Өтінімді fres@bcc.kz поштасына қабылдайды | fres@bcc.kz поштасы Колл-орталық: 505 – ұялы телефоннан 8 (727) 244 30 30 – қалалық нөмір |
Сбербанк | Өтінімді komek@sberbank.kz поштасына қабылдайды | komek@sberbank.kz поштасы Колл-орталық: 5030 – ұялы телефоннан 8 (727) 250 30 20 – қалалық нөмір |