ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ FITCH РЕЙТИНГІН АЛДЫ

Fitch Ratings «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-на (бұдан әрі – ҚОҚ) эмитент дефолтының ұзақмерзімді рейтингтерін (бұдан әрі – ЭДР) шетел және ұлттық валютада «Тұрақты» болжамымен «ВВВ» деңгейінде тағайындады. Fitch «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-тың (бұдан әрі – Баспана») рейтингтерін қайта ұйымдастырылуына байланысты кері қайтарып алды.

2019 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) шешімімен ҚОҚ және Баспана Баспананы ҚОҚ-қа біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылғанын еске саламыз.

«Fitch рейтингі ҚОҚ-тың Қазақстан Республикасымен тығыз байланыста екені туралы пікірін білдіреді  («BBB»/болжамы «Тұрақты»/«F2»). Мемлекетпен байланыстағы компанияларға рейтинг тағайындау әдіснамасына сәйкес Fitch «жоғарыдан-төменге» тәсілін қолданады және мемлекеттің ҚОҚ-қа қолдау көрсету қабілетін өте жоғары деп бағалайды. Агенттіктің байланыс деңгейін және қолдау көрсету үшін стимулдарды бағалауына қарай ҚОҚ-тың ЭДР-і Қазақстан Республикасының ЭДР-імен бір деңгейде тұр», – деп хабарлайды Fitch Ratings.

Ұлттық Банк бұған дейін хабарлағандай, қайта ұйымдастыру екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қайталанатын функцияларды біріктіру үшін жүргізілді. Енді қолданыстағы және жоспарланып отырған мемлекеттік бағдарламалар бір оператор – Қазақстанның орнықтылық қорында шоғырланатын болады.

Біріккен компания:

– екінші деңгейдегі банктерді қаржылық қолдау арқылы банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдем көрсету;

– «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын орындау бойынша жұмысын жалғастырады.

Posted by / Ақпан 12, 2020