МАУСЫМ АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 70 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстанның орнықтылық қоры жалпы сомасы 70,0 млрд теңгеге облигациялардың үш шығарылымын өтеп, бағалы қағаздарды ұстаушыларға бес шығарылым бойынша 11,5 млрд теңге сомасында купондық сыйақы төледі.

ҚОҚ өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда және облигацияларды одан әрі орналастыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Маусым 20, 2023