Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының шеңберінде айтылған тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірледі.
Бағдарлама шеңберінде Бағдарламаның операторы болып табылатын акционерлік қоғам нысанында Ұлттық банктің еншілес ұйымын құру көзделген.
Бағдарламаны іске асыру мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №130 Қаулысымен «Қазақстандық тұрақтылық қоры»Акционерлік қоғамын құру туралы шешім қабылданды.